Ассамблея народа Казахстана

6866

Орынбай Рахманбердиев: Бізге керегі – ынтымақ пен бірлік, татулық пен келісім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 5 басымдықты атап, елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызға тоқталды. Ендігі кезекте осы маңызды міндеттерді сапалы орындау қажет.

«Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі» деді Президент. Міне, бүгінде бізге керегі – ынтымақ пен бірлік. Татулық пен келісім.

Президент Жолдауындағы адами капиталды дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, бизнесті өркендетудегі бастамалары өте орынды айтылған. Дарынды балалардың қабілетін арттырудың жол картасы, көпбалалы аналарды бизнеске тартатын бағдарлама әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, бұқаралық спортты дамыту, тағы басқа адам әлеуетін дамытатын жобалар керек-ақ. Осыны жете ұғынайық.

Сондай-ақ, Жолдауда жедел түрде жыныстық зорлық-зомбылыққа, педофилияға, есірткі таратуға, адам саудалауға, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, тұлғаға әсіресе балаларға қарсы жасалатын өзге де ауыр қылмыстарға жазаны қатаңдату қажеттігі айтылды. Ал полиция азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсететін органға айналады. Яғни, құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалауға басымдық берілмек.

Президент Үкіметке тарифтер мен бағаларды реттеуді тапсырды. Бұл да дер кезінде көтеріліп отырған мәселе. Монополистердің тауарлар мен қызметтерін негізсіз қымбаттатпауын қоғам болып бақылауымыз қажет. 

Орынбай Рахманбердиев,

Шымкент қалалық ҚХА жанындағы

Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Возврат к списку