
3126
Міржақып Бағдатұлы: Біз әлемге «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін» ұсынған егемен елміз.
Қазақстан казіргі таңда қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың мекені ғана емес, өзіндік әлемге «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін» ұсынған егемен ел.
Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев тек мемлекет ішіндегі ғана емес, әлемдегі болып жатқан құбылыстарды дөп басып, заман талабына сай игі бастамаларды көтерді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларының бірі – мемлекет ішіндегі этностардың бірлігін, ынтымағын реттеп отыратын Қазақстан халқы Ассамблеясы. Сөйтіп, жаңа Қазақстанға жаңа бағыт, этностарды біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы дүниеге келді. Шын мәнінде, ол қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы халыққа Жолдауы стратегиялық жоспарларды толықтырушы, әрі қарай дамытушы құжат ретінде жарияланды.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі» деп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалады.
Тек, бағалап қана қоймай саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау, еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға әрі қарай жағдай жасау керек екендігі жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бұл бізді қуантатын жағдай, себебі қазіргі талабы қатал, ақылмен де, айламен де қадам басатын жаһандану дәуірінде алға дамуымыз үшін бірлігіміз, яғни мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – «Қоғамдық келісімдердің» ынтымағы маңызды екендігі екендігі белгілі.
Міржақып Бағдатұлы
Ш. Есенов атындағы КМТИУ
ҚХА кафедрасының оқытушысы
23 Сентября, 14:34
В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛИ ДНИ УЗБЕКСКОЙ КУЛЬТУРЫ
20 Сентября, 21:57
Научно-экспертное сообщество обсудили состояние и перспективы государственной политики в сфере межэтнических отношений
19 Сентября, 19:21
В КАРАГАНДЕ ПРОШЛА XXVI СЕССИЯ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА
20 Сентября, 10:00
Миссия – творить добро
22 Сентября, 20:08
В УРАЛЬСКЕ СОСТОЯЛСЯ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЛЕКТОРИЙ «РОЛЬ ОБЩЕСТВЕННЫХ СТРУКТУР АНК В СФЕРЕ ОБЩЕСТВЕННОГО СОГЛАСИЯ И ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНОГО ЕДИНСТВА»