Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қыркүйек, 2020

485

Зиятдин Касанов: Ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру – міндетіміз

Алматы қаласы VI шақырылым мәслихатының депутаты Зиятдин Исмиханович Касанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын айқын бағыттар мен мақсат-міндеттер төңірегінде ой өрбітті.


Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»

Жолдауында әр саладағы салмақты мәселелерге маңыз беріліп, негізгі бағыттар айқындалды. Президенттің Жолдауы мазмұны, жаңалыктары, мерзімі мен риторикасы жөнінен бұрынғы жолдаулардан айрықша болды. Жолдау елде бұрыннан бар проблемаларды ашық көрсеткен пандемия дағдарысы кезімен дайындалғаны байқалады.

Әлемнің дамыған елдерінде демекратияның басты қағидаларының бірі бас- шыларды сайлау жүйесі ертеден қалыптасқан. Дегенмен бұл орайда сайлауалды көптеген мәселелер ескерілуі қажет. Бұрын да елімізде аудан, ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Оларды аудандық мәслихат депутаттары сайлады. Осыған сай «Алдағы реформалар қоғамды мемлекетті басқаруға қатыстыруға бағытталады». «Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары», «Қоғамдық бакылау туралы» заң қабылдау, құқық қорғау жүйесін реформалау, қоғамдық кеңестерді күшейту, ауыл әкімдерін сайлау, мәслихаттар ашықтығы, онлайн-петиция беру механизмі, ІІМ, соттар мен прокуратура қызметін модернизациялау, адам құкықтарын қорғау сияқты ірі өзгерістер болады. Бұлардың бәрі қазіргі жағдайда реформалардың жылдам атқарылуын тездететін фактор.

Президент атап көрсеткендей, «бұл – реформалардың бастамасы». Ол – стратегиялық өзгерістерді жаңа агенттіктер құру мен реформалар арқылы заңдық тұрғыдан реттеп жүзеге асырылмақ. Технократтық реформаларды жүзеге асыру – күрделі кезеңдегі елдің саяси-экономикалық тұрақтылығын сақтап, жаңа даму кезеңіне институционалды даму негізі болмақ. Президент реформалар арқылы мемлекеттік басқару жүйесіне оң өэгеріс енгізіп, қоғам, құқық сақтау және бизнес алаңдарындағы саяси ықпалын арттыра алады. Жолдауда халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру жөнінде тың бастамаларға жол ашылған. Онда көкейде жүрген көп түйткілдің тамырын дөп басқан жаңа ойлар бар. Толғақты мәселелер, өзекті тақырыптар қамтылған. Ғылым мен білімге қатысты да біраз жайт айтылды. Әсіресе, «Бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәрі- міз нағыз елдіктің ұстынын дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ ұлт сапасын арттыруға атсалысу» деген Президенттің «Ұлттың жаңа болмысы» туралы ой-пайымдары зиялы қауым өкілдеріне жауапкершілік жүгін арқалатып отыр.

Жарияланған рсформалар мемлекеттік сатып алуға, іскерлік ахуалға, көлеңкелі экономикаға және белгілі болғандай, жойылуы қиын сыбайлас жемқорлықтың проблемасына бағытталған. Қабылданған бағдарламалар іске асырылса Қазақстанды шынымен заманауи мемлекеттің дамуына жетелейді. Әрине, бұл оңай мәселе емес, оған толықтай қол жеткізу үшін көптеген жыл қажет болады. Бірақ Президент ұсынып отырған әкімшіліктің жаңа түрінде орын алу мүмкіндіктерін көрген жас, заманауи және білімді азаматтардың көптігінің арқасында жетістіктерге қол жеткізу үшін Қазақстанда өте қолайлы мүмкіндіктер бар.

Реформалардың болжамды түрі жетістіктер үшін қуатты басшылықты талап етеді. Бірақ қазақ мемлекеті көбірек «еститін» гана емес, сонымен бірге «әділеттірек» бола бастаған кезде, азаматтардың өзін саяси мақсаттарда ұйымдастыра алуы да қажетті шара. Жолдауда мемлекеттегі сабақтастық принципіне негізделген, заман талабына сай сараптамалар және әдістермен өткен мен болашақты байланыстыратын жол салуға дайын. Біз өзінің құрылу кезеңін аяқтаған мемлекеттің одан әрі өркендеуге бел буғанын байқадық.

Жаңа үлгідегі мемлекеттік басқаруды құру қажеттілігін және осы саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру керек екені де көрініс тапқан. Мемлекеттің тиімді іс-қимылы мемлекеттік аппараттың жұмысына тікелей байланысты екені түсінікті. Осы орайда жергілікті және орталық басқару органдарын ойы да, білімі де толысқан мамандармен толықтыру қажеттілігі туындайды. Мемлекеттік қызметке жоғары білікті, жауапкершілігі мол, ынталы мамандар келуі шарт және мемлекеттік органдар мамандарды қызметке тартуға мүдделі болуымен қатар, осындай қызметке мамандардың ұмтылуын да мүдделі ету керек.

Мемлекеттік аппараттың тиімді қызметін іске асыру үшін, жергілікті және орталық органдар өзара тиімді іскерлік қарым-қатынасты жолға қоя білгені жөн. Себебі көп мәселе осыған келіп тіреледі. Жолдауда Президент «Мемлекет – тиімсіз шаруагер деген қағида аксиомаға айналды», деген болатын.

Демократиялық басқару жүйесінің басты шарты – ашықтық, жариялылық. Бәрі де ашық болса халық басқару жүйесінде не болып жатқанын біліп отырады. Әсіресе, бюджет қаражатының нақты қаншасы қайда бөлініп, қалай жұмсалғаны белгілі болады.

Қазіргі таңда әлемде қаржы- экономикалық дағдарыс өршуде, халықаралық сауданың қалыптасқан тетіктері құлдырап жатқанына қарамастан, Қазақстанда экономиканың нақты секторының өсуін байқаймын, мемлекеттік бағдарламалар халық игілігі үшін жұмыс істеп жатыр. Тәуелсіздік жылдарынан бері қалыптасқан ұлтаралық келісім мен үйлесімділік одан әрі күшейіп келеді, сондықтан Қазақстанда халықаралық бастамалар жүзеге асы- рылуда.

Қазіргі әлемде экономикасынан саясатына, мемлекеттік басқару жүйесінен қорғанысына, білім беруден денсаулыққа дейінгі әр салада жақсы бастамалар қолға алынуда. Цифрланған дәуірдің талаптарын игерген, ақпараттық технологиялар индустриясы жағынан жетілген Қазақстанның өте қысқа мерзімде бүкіләлем қызыға және қызғана қарайтын елге айналаты- нына сенімдімін.

Ашықтық – әділетті таза қоғам орнатудың, демократиялық дамудың басты шарты. Ал жабық жүйе болып, іс-әрекеттердің бәрін халықтан жасыратын болса, ондай қоғамда ұрлық-қарлықтың өрістеуінен іріп-шіру пайда болып, ақыры құрып тынады. Соның ішінде ашық қоғамның шарттарын іске асыруды талап ететін «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның талабын бәрі демесек те көптеген шенеунік ескере бермейді. Бізді аяқтан шалатын осы әрекет.

Мемлекет баешысы Қасым – Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Ашығын айтуымыз керек, мемлекеттік органдарда әлі де болса формализм мен жайбасарлық кеңінен етек алып отыр. Азаматтарымыз өздерінің жергілікті деңгейдегі мәселелерімен орталық мемлекеттік органдарға жүгініп, Мемлекет басшысына шағымдануға мәжбүр», деп айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жэне әділ шешім шығару қажет», - деген болатын.

Пандемиядан туған дағдарыстың салдарынан қазір жұмыс орындары қатты қысқарып жатыр. Соның салдарынан ортамызда маргинал жастар көбейіп кетті. Сондай-ақ шетелге біржола кетіп қалуды аңсайтын азаматтардың да көптігі алаңдатады. Осындай жағдайларға тосқауыл болу үшін елдегі экономикалық жағдайды жақсартып, жастардың санасын жаңғыртатын жобалар қажет. Бұл ретте әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауымыз керек.

Жолдауда атап көрсетілген мына бір мәселеге де жан-жақты әрі ерекше сауаттылық таныта қарасақ деймін. Мысалы: «Қайталап айтамын: мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек» деген Президент сөзін сол кәсіпкерлердің өзі: «Болды, бітті, бізді енді ешкім мазалай алмайды» деп емес, керісінше «біздің ісімізге Мемлекет басшысының өзі қолдау білдіріп, қуаттап отыр, деп ұйғаруы керек. Сондықтан да біз өз ісімізді, өзімізге жүктелген міндетті сапалы да адал атқаруга тиіспіз» деген отаншылдық сезіммен қабылдап, әрбір істі жауапкершілікпен атқаруға бет бұруы керек.

Жолдауда «Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда» деп атап көрсетілген.

Жаһандық пандемия қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлкен өзгерістср жасап, күнделікті тұрмыс-тіршілікке түбегейлі түзету енгізді. Осы орайда Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы барлық түйткілді мәселелердің шешімін табуға серпін беруі тиіс деп есептеймін. Президент адам капиталының дамуына да үлкен мән беріп отыр. Осы орайда ертеңгі қоғамның негізгі іргетасы бүгінгі өскелең ұрпақ, яғни жастар екенін ескеруіміз керек. Халықтың санасын жаңғыртуға бағытталған бастамалар да көрініс тауып отыр. Сонымен қатар пандемия кезінде жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі де көтеріліп, әлеуметтік кәсіпкерлікке көңіл бөлуге екпін беріліп отыр.

Менің барлық қызметім жастармен жұмыс істеуден тұрады. Олардың тың бастамаларына үнемі қолдау білдіріп келемін. Осыған сай Президент өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға назар аударып, «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалыпқа келтірудің маңыздылығын қозғады. Осы ретте мәдениет ұйымдарымдағы балалар үйірмелерінің жаңа бағытта жұмыс істеуіне де назар аударылған.

Президент бүгінгі күннің басты мақсаты – сапалы ұлт қалыптастырып, халық дамуының жаңа парадигмасын құру екендігін атап өтті. Сондай- ақ ел алдында тұрған күрделі де, үлкен мәседелерді сәтті шешу үшін жаңа көзқарас, ортақ жүйе және жан-жақты қолдау қажеттігін еске салды. Осыған сай жастар арасында ашық пікірталас алаңын ұйымдастырдық. Жаңа көзқарастарды бір арнада тоғыстыру үшін оған тәжірибесі мол, ірі жобаларда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз салаларында айтулы проблемалардың түйінін шешіп жүрген жастарды шақырдық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 3 жыл және оның басты ұстанымдары көп жағдайда жастарға арналғанын білеміз. Осындай пікірталас алаңдарын ұйымдастырып, жастардың заманауи көзқарасы арқылы қоғамның түйткілді мәселелерін оңтайлы шешуге әбден болады деп ойлаймын. Мемлекет басшысының: «Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау маңызды. Жас толқынның кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін мемлекеттік гранттар мен инвестициялар тартылып, оған қатысатын жастардың үлесін жоғарылату көзделіп отыр. Жастарды жұмыспен қамту жоспарының аясында тұрақты түрде еңбек лагерлерін ұйымдастыру да қажет сияқты.

Әлемді жайлаған қатерлі дертке қарсы күрес әлі де жалғасып жатыр. Індеттің алдын алу үшін халық болып күресу қажет. Алматы қалалық мәслихат депутаты ретінде халықпен кездесулерде індетпен күресуде ұйымшылдық таныту қажеттігін үнемі айтудан тартынған емеспін.

Алматы – еліміздегі ірі мегаполистердің бірі. Оның ажары күн өткен сайын ашылып келе жатыр. Қалада үлкен қозғалыс та, өмір тіршілігі де бар. Бүгінгі Қала күні қарсаңында барша тұрғындар мен зиялы қауым өкілдері осынау мерекеге қызу дайындық үстінде.

–Қала өзінің қалыптасуында стратегиялық міндеттері мен тактикасын тарихи жағдайларға байланысты қайта қарап, жүйелі түрде айқындап отыратыны айқын. Қаланың қалыптасуы мен дамуы жолында қолға алынатын стратегия қоғамның перспективалы болашағына байланысты болуымен де ерекшеленеді. Әрбір қала өз алдына көздеген жаңа тактикалық мақсаттарды іске асыру шараларын белгілей отырып, сол бағытта іргелі істер атқарады.

Қала әкімі өз қызметіне кірісімен шаһарға қарасты барлық аудандарда болып, олардың мәдени-әлеуметтік ахуалымен жеке танысып шықты. Қордаланып, шешімін таппаған істерді нақты шешудің жолдарын іздестірді. Осы принциптердің негізінде Алматыны дамытудың бағдарламасы түзіліп, оны дамытудың негізгі бағыттары айқындалды. Ұлттық жоспар қадамдарымен ұштастыра жасалған бұл бағдарлама Алматының дамуына жаңа дем беруде. Бағдарламаның мақсаты – Алматыны әлемдік деңгейдегі заманауи қалаға, яғни жүк тасымалы, инновациялық бизнесті дамытып, капитал мен туристерді өзіне тарта білетін және тұрғындар үшін еңбек етуге қолайлы ортаға айналдыру. Бұл мақсатқа жету үшін халықтық реформамен біте қайнасқан дамудың негізгі принциптері басшылыққа алынбақ. Олар: әрбір адамға қамқорлық көрсету, озық тәжірибелердің негізінде тиімді экономикалық шешімдер қабылдау, экономиканың қозғаушы күші ретінде бизнесті ынталандыру, азаматтық қоғамды барынша қатыстыру, басқару органдарының есеп беруі мен ашықтықты ұстануы.

Қала әлемі, өркениет әлемі – жаңа технологиялар әлемі болғандықтан онда кәсібилік, маманданғандықтан және индивидуализм сынды қасиеттерге басты назар аударуды талап етеді. Қала–шексіз коммуникативтік кеңестік, қарым-қатынас аймағы. Дамыған батыстық үлгідегі ірі қалалар бүгінгі таңда өзінің метаморфозасын, сапалы түр өзгерісін, бастан кешуде. Олар өндіріске негізделген қала болудан енді ғылым-білім қорына негізделген қала болуға бас бұрған.

Абаттандыру – қала өмірі үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз бәріміз үйімізде, ауламыздың таза болуын қалайтынымыз анық. Жақында қала басшысы Бақытжан Сағынтаев: «Біз қала тұрғындарының бойына қалада тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруымыз керек», - деп атап өтті.

Жалпы шаһар басшысы өзінің әлеуметтік жеке парақшасында мегаполис аудандарына жасаған жұмыс сапарлары туралы үнемі қала тұрғындарына хабарлап отырады. Онда ашықтық, әділеттілік өлшемдері бар. Бүгінде қалада жол, инженерлік инфрақұрылым құрылысы мен аймақтардың абаттандырылуына көңіл бөлінуде. Бұл бағытта арнайы бағдарламалар бар. Өткен жылы шет аймақтарды дамытуға бағытталған «Жаңа Алматы» кешенді жоспары жасалды. Ол үнемі дамытылып отырылады. Қазір жол, көлік, су, жол, аулаларды абаттандыру мен жарықтандыру жұмыстары кең қарқында қолға алынып отыр. Біз депутаттар одан тысқары қала алмайтынымыз анық.

Кейін қарай