Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Сәуір, 2021

54

«Жасмин» би ортаңғы тобы гран-при иегері атанды

Қызылорда облыстық татар этномәдени бірлестігінің «Жасмин» би тобы «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN» халықаралық байқаудың ГРАН-ПРИ иегері атанды.


2014 жылдан бері құрылған би тобы осы күнге дейін де көптеген байқауларда топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Расул Сұлтанұлы жетекшілік ететін «Жасмин» би ортаңғы тобы бұл жолғы жүлделі орынды үнді биін әсем орындап, жеңіске жетті.


Сонымен бірге, дәл осы байқауда ортаңғы топ қазақ биінен – бірінші орынды, ал кішкентай топ «Лолипоп» би түрінен – бірінші орынды иеленді.

Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Кейін қарай