
23 Қазан, 2020
288
«Жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Светлана Крюгер кезекті сөз алып, өзін таныстырып өтті.
- Мен – Светлана Владимировна Крюгер. Ұлтым – неміс. Елбасы Сыр елін Алаштың анасына балаған қасиетті Қызылорда облысының қызымын. Қазақ жастарының тұңғыш көшбасшысы, атақты Ғани Мұратбаевтың дүниеге келген киелі Қазалы ауданының тумасымын.
Қалың қазақтың ортасында өстім. Сыр елінің ыстық күнінің нұрына шомылып, майлы топырағын кешіп, арығының суына қазақтың қара домалақ балаларымен ойнап жүріп, қалай мен қазақ тілін білмеймін?! Мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім.
Қазақ тілін менің бойыма қазақтың ортасы сіңірді. Қазақ тілін білуді отбасымдағы тәрбиемен де байланыстырамын. Атам қазақ тілінде өте жақсы сөйлейтін, қазақтың салт-дәстүрлерін құрмет тұтатын, қазақ жолдастары көп еді. Атам мені қазақ балабақшасына берді, тәрбиеші апайлар мені «қазақтың сары қызы» деп атайтын.
Қазақ тілінде еркін сөйлеймін де, сауатты жазамын да, тіпті ойлаймын да.
Мектеп бітірген соң Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша білім алуға бел будым. Бірақ орыс тобының ашылмайтынын естіген кезімде, ойланбастан қазақ бөліміне құжаттарымды тапсырдым.
Отанымның мемлекеттік тілін толық меңгергенім мен үшін үлкен бақ! Осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерімнің барлығы мемлекеттік тілді білуімнің оң нәтижесі деп есептеймін! Менің өмірлік серігім де – қазақтың жігіті. Өйткені мен жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын. Бүгінгі күні Жанерке мен Жансая есімді екі қаракөз қыздарым қазақ мектебінде білім алуда. Қазақ тілінде еркін сөйлегенімде маған, көк көз - сары шашты жанға, талай қазақтардың өздері таңырқай қарайды!
Ұлы Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» айтқандай, мен мақтанышпен бұл өмірде өз орнымды таптым деп ауыз толтырып айта аламын.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінде алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтеді
-
Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді
-
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
-
Ақтөбеде «Вайнах» ЭМБ қайырымдылық шарасын өткізді
-
Ақтөбеде аналар кеңесі «Халықтану» жобасын талқылады
-
Елордадағы Достық үйінде Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды
23 Ақпан, 11:14
«Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды
22 Ақпан, 10:57
Қарағандыда Алғыс айту күніне орай жүзден аса шара өткізілмек
22 Ақпан, 10:40
Нұр-Сұлтанда Науаидің 580 жылдығына арналған рухани кеш өтті
вчера, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
23 Ақпан, 10:55
Магомед Султыгов: «Қазақтар туыстарымызды жерлеуге көмектескен»
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінде алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтеді
-
Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді
-
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
-
Ақтөбеде «Вайнах» ЭМБ қайырымдылық шарасын өткізді
-
Ақтөбеде аналар кеңесі «Халықтану» жобасын талқылады
-
Елордадағы Достық үйінде Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды