Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қазан, 2021

40

Жамбыл облысында суретші Мұратжон Рахымжановтың көрмесі ұйымдастырылды

Жамбыл облысы ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова бастаған этномәдени бірлестік өкілдері ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, доцент Мұратжон Рахымжановтың «90 жылдардағы композиция» (compozisio) деп аталатын көркем тақырыптық суреттерінің жеке көрмесін тамашалады.

Шара Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы көркемсурет галереясында өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Экспозицияда барлығы 34 жұмыс бар, олардың 24-і заттай болса, қалғаны еліміздегі және шетелдегі мұражайлар мен жеке коллекциялардағы фотосуреттері түрінде қойылған. Суретші Мұратжон Рахымжановтың айтуынша, барлық шығармалар Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы кезеңінде әзірленіп, жазылған. Суретші көрермендерге өзінің әрбір жұмысы туралы әңгімелеп берді.


Қатысушылардың назарын «Арқандағы би», «Ұзын аяқпен би», «Сүннет-тойға сыйлық» сияқты суреттер енген өзбек халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға арналған бірқатар шығармалар қызықтырды. Өткен тарихымыздан сыр шертетін тақырыптар «Төле бидің екі адамның арасындағы дауды шешуі», «Абылай ханның кездесуі», «Бата», «Жауап алушылар серіктері», «Мазасыз отбасы», «Алаңдаулы жылқылар» және «Керуен сарайының қақпасы», «Дулати ат үстінде», «Балуан Қажымұқан» шығармаларының фотосуреттерінен көрініс тапты.

Философиялық тақырыптағы бірегей суреттер «мәңгілік», «өлмес тарих» туралы ойлануға мәжбүр етеді.

- Мен суретші Мұратжон Рахымжановтың шығармашылығымен бұрыннан таныс едім. Бірақ бүгін мен оның картиналарын жаңа қырынан тани түстім. Оның еңбектерінен қаламыздың тарихын байқауға болады, - дейді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова.


Кейін қарай