Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қараша, 2024

132

ҚХА АКАДЕМИЯСЫНДА ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

2024 жылғы 18 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығы» РҚБ қатысуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ бірлесіп «ҚХА Академиясы» оқыту бағдарламасы аясында Достық үйлерінің басшыларына арналған «Достық үйі жұмысындағы басқарушылық, әлеуметтік-саяси дағдылар мен құзыреттер» атты практикалық-бағдарланған оқу курсы басталды.

Бірінші күні ҚХА Академиясының модульдік оқыту бағдарламасының ресми ашылуына ҚХА Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев, Басқарма төрағасы – Л.Н. Гумилев атындағы университеті ректорының міндентін атқарушы Ардақ Бейсенбай қатысты.

7 күндік модульдік оқыту бағдарламасы аясында спикерлер ретінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің профессорлық-оқытушы құрамы, сарапшылар, талдаушылар және тәжірибеден өтуші жастар баяндама жасап, іс-шара аясындағы тақырыптарды талқылайды.

ҚХА Академиясының бағдарламасын сәтті тәмамдаған қатысушыларға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атынан сертификаттар табысталады.

Кейін қарай