22 Қаңтар, 2021
145
Қызылордада «Жаңғыру жолы» жастары өткен жылға есеп берді
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы өткен жылғы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісу мақсатында кездесу өткізді.
"Қоғамдық келісім" КММ бөлім басшысы, РЖҚ өңірлік штабының үйлестірушісі Айбек Дайрабай және "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының төрайымы Алина Новикова алға қойылған мақсат-міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, ізгі бағытты ұстанып, қарекет қылуға әрдайым әзір екендігін ортаға салды.
"Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы, "Волонтер" орталығы және Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері бірлесіп, пандемия кезінде "Маска тағыңыз", "Мың алғыс" республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, дәрі-дәрмек, азық-түлік тарату жұмыстарын жұмыла атқарды. Бұдан бөлек қайырымдылық бағытында игі істердің бас-қасында жүріп, қолдан келген көмектерін аямады. Осы орайда жыл қорытындысы бойынша қала әкімдігі жастар қозғалысына "Үздік әріптес-2020" номинациясын табыстаған болатын.
Осы бағыттан таймай, оны жандандыру ниетінде кездесу аясында жастар " Этноасхана", "Өнерлілер шоуы", "Поэзия кеші", "Үлкенге құрмет" сынды жаңа жобалар, тың идеяларымен бөлісіп, оны жүзеге асыруды талқыға салды.
Сонымен бірге "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы жанынан «Streetball» командасы құрылып, оларға арнайы символикасы бар футболкалар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
-
Сәуле Құрманқұлова: «Жамбыл облыстық ҚХА 570 млн. теңгеге көмек көрсетті»
-
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
-
Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінде алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтеді
-
Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді
-
Оралда Ақсақалдар кеңесінің отырысы болды
23 Ақпан, 11:14
«Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды
26 Ақпан, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
22 Ақпан, 10:57
Қарағандыда Алғыс айту күніне орай жүзден аса шара өткізілмек
22 Ақпан, 10:40
Нұр-Сұлтанда Науаидің 580 жылдығына арналған рухани кеш өтті
23 Ақпан, 10:55
Магомед Султыгов: «Қазақтар туыстарымызды жерлеуге көмектескен»
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы