Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Наурыз, 2021

104

Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді

Қызылордада Алғыс айту күні аясында «Қазақстан корейлер қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің белсенділері қайырымдылық шарасын өткізді. Олар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және корей бірлестігі ардагерлерінің үйіне барып, жылы көрпелер таратты.

Ал Қызылорда облыстық неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Виктория Шектің бастамасымен «Сабалақ» саяжайында тұратын тұрмысы төмен 7 отбасыға азық-түлік қоржындары табыс етілді.

Қайырымдылық шараға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек, «Бақытты отбасы» отбасын қолдау институтының қоғамдық қызметкері Гүлбахар Қорғанова және «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Гүләйім Мәлік қатысты.


Көмек көрсетілген отбасы мүшелері қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.


Кейін қарай