Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қараша, 2021

58

Қызылордада «Тіл – қазына» семинар-кездесуі ұйымдастырылды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Достық үйінде TEDx форматында «Тіл – қазына» атты семинар-кездесу шарасы болып өтті.

Кездесу барысында Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Болатбек Айтбенбетов ашылу сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған шараның спикері – Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, «Мансап» мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР Президент жанындағы басқару академиясының латын әліпбиін оқыту бойынша тренері – Әсел Бахытова болды.

Шара қонағы мемлекеттік тілді этносаралық қатынас құралына айналдырудың тиімді жолдарын айтты. Өңірдегі аралас бес мектептен қатысқан оқушылардың ойы маңызды ақпараттармен толықты.


Кейін қарай