07 Тамыз, 2024
76
Қызылордада Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті.
Кездесуге «Бітім» медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы және орталық қызметкерлері қатысты.
Ж. Мирамбекқызы медиация – уақытты үнемдеу және бейбіт келісімге келудің ең тиімді жолыекендігін алға тартты. Әсіресе, оқу саласында, оқытушы мен студент арасындағы кикілжіңдер, отбасы, жер, көрші, жесір дауларының барлығы осы медиация жолымен шешкен әлдеқайда тиімдіекендігін айтты.
«Отбасылық даулар, ажырасуға дейін апаратынжанжалдар біздің қоғамда көптеп орын алыпжатқаны өкінішті. Әсіресе, ерлі-зайыптылардың арасында мәселені шешудің орнына қайта күрделендіріп жіберетініне көзіміз жетіп жүр. Некені бұзуға келіскен ерлі-зайыптылардың арасында отбасындағы балаларға психологиялық жағынан өте ауыр тиеді. Оның мінезі тұйықталып, қиналады. Бұл тұрғыда медиация орталығы тегінкеңес береді. Орталықта психолог маман жұмыс істейді. Отбасылық мәселелерге байланысты кеңес береді. Сонымен бірге, орталыққа телефон арқылы хабарласып, қажетті кеңес ала аласыздар», -деді.
Сондай-ақ, медиация институты, оның тиімділігі, медиация тәсілін меңгеру пайдасы, медиацияның тетіктерін ұтымды пайдалану, қызметте, қоғамда, отбасында орын алатындауларды екі тарапқа да оңтайлы реттеу, несие, қарыздан құтылу сынды мәселелерді қозғады.
Орталық қызметкерлері алимент төлеуден бас тартатын ерлі-зайыптыларды шақырып, медиация арқылы бітімгершілікке шақыруға және қиын отбасыларға қолдау көрсету бағытында медиаторлар кеңесімен бірлесіп жұмыс істеугеұсыныс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісімен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастарының» төралқа мүшесімен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ төрағасымен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы» РҚБ төрағасымен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығы» РҚБ активімен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Алматы қаласындағы А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директорымен кездесуі өтті
9 Қыркүйек, 12:24
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
9 Қыркүйек, 16:49
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасымен кездесуі өтті
10 Қыркүйек, 08:32
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
11 Қыркүйек, 17:08
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
вчера, 15:22
Маңғыстау облысында ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы ұсынылды