Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Сәуір, 2021

86

Қызылордада «Ғарышқа сапар» атты мерекелік концерт өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында Адамның ғарышқа алғашқы ұшуына 60 жыл толуына орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен, этномәдени бірлестік өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.


Концертке қала тұрғындары, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері, жастар қатысты.

Мерекелік концерт аясында ғарышты көрген тұңғыш адам – Юрий Гагарин, әлемдегі ғарышқа ұшқан жалғыз әйел – Валентина Терешкова туралы қызықты мағлұматтарға толы бейнесюжеттер көрсетілді. Одан бергі уақытта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Соның ішінде Қазақстанның үш азаматы Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы деректер айтылды.

«Ғарышқа сапар» мерекелік кешіндегі әсем ән, әдемі би көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Кейін қарай