20 Қыркүйек, 2023
157
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективаларын талқылады
2023 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективалары» тақырыбындағы жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР МАМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.
Аталмыш Конференция ғылыми-сараптамалық қоғамдастықты этносаралық қатынастар саласындағы өзекті процестер мен трендтерді талқылауға тарту, сондай-ақ ұлт бірлігін одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында өткізілді.
Конференцияны модераторы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садвокасова жүргізді.
Спикерлер мен қатысушылар үшін алғы сөзін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.
Сонымен қатар, конференция спикерлерінің қатарында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас директоры Анар Фазылжанова, «Астана» халықаралық ғылым кешенінің Қытай және Азия зерттеулер орталығының басшысы Светлана Кожирова, сондай-ақ шетелдік қонақтары Ханкук шет тілдер университеті жанындағы Орталық Азия институтының зерттеушісі Chu Young-min (Корея), Халықаралық Түркі академиясының қызметкері Әбілфаз Сүлейманлы (Түркия), сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Ван Лулу (ҚХР) баяндама жасады.
Сонымен қатар, конференцияға өңірлік ғылыми-сараптамалық қоғамдастығы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының қаумдастығы, «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Жалпы онлайн-ZOOM платформасы арқылы 150-ге жуық адам қатысты.
Іс-шара барысында отандық сарапшылар этносаралық қатынастарды нығайту мен ұлттық сананы қалыптастырудағы мемлекеттің рөлін, сондай-ақ интернеттегі араздық тілін реттеу тәсілдерін талқылады. Халықаралық сарапшылар өз кезегінде өз елдерінің этносаралық қатынастарды нығайтудағы тәжірибесімен бөлісті.
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты талқылау қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар табысты этносаясатты қалыптастыру мен қоғамды интеграциялаудың маңызды аспектілерін көрсететін қарар қабылдады.
Қарар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту үшін мемлекеттің, қоғамның мен ғылым өкілдерінің бірқатар маңызды бағыттар бойынша бірлескен жұмысының қажеттілігін атап көрсетеді, олардың ішінде: этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары мен нысаналы көрсеткіштері бойынша өңірлерде түсіндіру жұмысын өткізу, этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық нысандарын кеңейту, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықты қолдау, азаматтық бірегейлік, бірлік пен келісім саясаты тұжырымдамалары туралы хабардарлықты арттыру, мемлекеттік тілді насихаттау, халықаралық ынтымақтастық және т.б.
Конференцияға қатысушылар мемлекеттік этносаясатты табысты іске асыру және ұлт бірлігін нығайту үшін өңірлік ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың тартылуын арттырудың жоғары маңыздылығын атап өтті. Бұл үдерісте білім беру және мәдени-ақпараттық ағарту салаларындағы пәнаралық өзара іс-қимылға ерекше рөл берілген.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МИНИСТРІНІҢ АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА "АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ" ОТЫРЫСЫ: ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Талдықорғанда Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім – қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылықтары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Елордада Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР РУХЫМЕН…
-
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚХА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУІ
4 Желтоқсан, 18:13
«Баршаға бір әлем!»- ерекше балаларға арналған іс-шара
5 Желтоқсан, 12:12
Еріктілер күнімен құттықтау!
5 Желтоқсан, 19:57
«ЖАСТАР ЖАҺАНДАНУ ЖОЛЫНДА» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
7 Желтоқсан, 19:08
«АСТАНА ОПЕРАДА» ҚХА-НЫҢ БІРЕГЕЙ FOLK&ART PERFORMANCE «ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
7 Желтоқсан, 14:49
"Хиуаз" әйелдер қоғамдық бірлестігіне-10 жыл
Ұқсас жаңалықтар
-
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МИНИСТРІНІҢ АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА "АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ" ОТЫРЫСЫ: ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Талдықорғанда Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім – қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылықтары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Елордада Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР РУХЫМЕН…
-
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚХА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУІ