Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Сәуір, 2021

74

Таразда 300 отбасыға қайырымдылық жасалды

Таразда Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы бастаған «Қайырымды істер марафоны» жобасы жалғасын тапты.

Осы жоба аясында Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе, Аухатты, Қарасу ауылының аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен 300 отбасына көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, әр отбасыға 20 балапан мен алғашқы 10 күніне арналған 5 келі жемі берілді. Қайырымдылықтың жалпы соммасы 2 400 000 теңгені құраған.


Кейін қарай