12 Желтоқсан, 2024
95
«TALK-LIKE» TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ
Қызылорда қаласында этнос жастарына мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және қолдану аясын кеңейту, ақпараттық сауаттылық және ақпараттық мәдениет ұғымын түсіндіру мақсатында «Talk-like» TEDx форматында кездесу өтті.
Кездесуге облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, «Даулеттен» қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер, кәсіпке қаржы тарту бойынша эксперт Шәміл Қарақожа, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ белсендісі Крис Блейк, айтыстың ақтаңгері, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов және этнос жастары, студенттер, тіл жанашырлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушыларға қазақ тілін еркін меңгеру, жас маманның тұлға ретінде қалыптасуы, білім алуы, ақпараттық сауаттылық, ақпаратты жан-жақты талдау, сыни ойлау арқылы қабылдау, ел қауіпсіздігіне, бірлігіне сызат түсіретін фейк ақпараттардан аулақ болу мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара барысында «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері Нұрсұлтан Икрамов, Ангелина Белоусова және Крис Блейк Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында кездесу өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. ұйғырлар этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Д.Валеевпен кездесу өткізді
-
Шуазэль институтының президенті Паскаль Лоромен және ҚХА Франциядағы достық елшісі Малгожата Туармен сарапшылық кездесу өтті
-
Алматыда "Әділетті Қазақстан-Адал азамат" мотивациялық кездесу өтті
-
Марат Әзілхановтың «Мицва» қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Александр Баронмен кездесуі өтті