04 Сәуір, 2022
263
Талдықорғанда Наурыз мейрамы тойланды
«Қоғамдық келісім» мекеме ғимаратының алдында бес ғасыр сақталған көне бұйымдар көрмеге қойылды. Киіз үй тігіліп, шатырлар қойылып, жастарға арнап алтыбақан құрылды. Халық әр шатырдың жанында орналасқан шеберлердің бұйымдарын, суретшілердің картиналарын, зергерлердің әшекейлерін тамашалады.
Іс-шараға Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Серік Бимуханбетов, Талдықорған және Текелі қалаларынан, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал аудандарынан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың өкілдері қатысты.
Сахна төрінен құттықтаулар айтылып, қазақ ертегілерінің фольклорлық кейіпкері Алдар Көсе туралы шағын қойылым көрсетілді. Спорттық жарыстар ұйымдастырылып, қазақша күрес, асық ойыны, тоғызқұмалақ ойындары ойналды.
Мерекелік бағдарлама Талдықорған қаласының шығармашылық ұжымдарының концерттік қойылымдарымен жалғасын тапты. Сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан белсенділерді алғыс хаттармен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
-
Елордалық Достық үйінде Наурыз мейрамын атап өтті
-
Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Армысың, әз – Наурыз!» атты мерекесін атап өтті
-
«Наурыз – достық мерекесі» атты этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен қазақ мәдениетінің театрландырылған фестивалі өтті
-
«Әз-Наурыз көрісуден басталады»
-
1 НАУРЫЗ - БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН ТОЙЛАУДА
31 Мамыр, 14:42
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 Мамыр, 21:02
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған республикалық ғылыми - әдістемелік семинар өтті
1 Маусым, 15:21
Алматыда «ТУҒАН ЖЕР ҚҰШАҒЫНДА» атты Республикалық ІІ фестиваль өтті
2 Маусым, 17:52
Алматы қаласының республикалық этномәдени бірлестіктері және ҚХА активімен кездесу
29 Мамыр, 18:20
Петропавлда «Үйде сөйле» аула клубы ашылды