Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2021

126

Түркістанда «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды

Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті. Түркістан қаласындағы «Неке сарайы» ғимаратында өткен акцияның мақсаты - қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.

Шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Камеденова Мадина Қалесқызы және облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қатысып, республикалық акцияға қолдау білдірді.


Жиын барысында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы: «Біз, Аналар Қазақстанның біртұтас халқын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Адамзатты соғыс қаупінен құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек» деген бастамасын колдауға шақырып, балаларымызды бейбітшілік сүйгіш етіп тәрбиелеуге, жоғары сана мен парасаттылыққа үндейміз! Балаларымыз соғыстың не екенін білмеуге тиіс. Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау - біздің ортақ мақсатымыз болп табылады», - дей келе акцияның мән-маңызына тоқталып өтті.

«Ақ Орамал» акциясы Елбасының Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған.

Ақ орамал республикалық акциясы барысында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Малбаева Гүлбарам «Аналар шаңырақ шуағы» тақырыбы аясында баяндап, қазіргі таңдағы отбасы тәрбиесінің өзекті мәселесі жайында атап өтсе, Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Оғулжан Халықбердиева мен Түркістан қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Адырбекова Баян Садыққызы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан этностардың татулығы мен бірлігін әңгімеге арқау етті.

Шарада Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ақ жаулықты аналары шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайларды құттықтап, қалыңдыққа ақ орамал жапты.

Кейін қарай