
25 Қараша, 2021
155
Түркістан облысында этносаралық шиеленістің алдын алу мен болдырмау бағытында семинар өтті
Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар: этносаралық шиеленістің алдын алу мен болдырмаудың тиімді тетігі» тақырыбында семинар өтті.
Жиынға Түркістан облыстық және аудан, қалалардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары мен жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Семинарды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев ашып, жүргізіп отырды.
Іс-шараның мақсаты – Түркістан облысы аумағында қоғамдық-саяси және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтына, тіліне қарамастан тұрғындардың бір-біріне деген құрмет, көзқарасын қалыптастыру.
Басқосуда сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев өңірдегі этносаралық татулықты, бірлікті сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
– Этностар арасында келеңсіздікке жол бермеу баршамызға зор жауапкершілік жүктейді. Тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайды. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарына, оның мүшелеріне артылған сенім жүгі жоғары. Біз бірлесе атқарған жұмыстар арқылы азаматтарымыздың татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз. Қасиетті Түркістан өңірінде тұрақтылықты сақтау, қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, мемлекеттік тілді меңгеру, басқа мәдениет пен дәстүр өкілдерімен өзара тату іс-қимыл жасау дағдысын қалыптастыруда сіздердің қолдауларыңыз аса қажет, – деді Дәурен Нұрланұлы.
Семинар барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қайрат Анарбаев «Ұлтаралық татулық негізі – «Рухани жаңғыру» тақырыбында пайым-парасатқа толы пікірін ортаға салды.
– Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғырын» атап өтті. Бұл ретте еліміздің Тәуелсіздігі – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Елбасы атап өткендей, отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі, білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Міне, осы құндылықтарды біз жан-жүрегімізбен сезініп, тірек тұтсақ, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болады, халқымыздың ырыс-ынтамағы еселене береді, – деді Қ. Анарбаев.
Сондай-ақ семинарда Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Асқат Есеналиев «Қазақстан халқы Ассамблеясы – этносаралық бірлік платформасы» тақырыбында баяндама жасап, этносаралық қатынастарды жақсарту бағытындағы ойларын жеткізді.
Баяндамалар оқылып біткен соң семинарға қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.
Іс-шара соңында семинар жұмысына қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылауда
-
Сіздерді 9-мамыр – Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Сіздерді егемен еліміздің елеулі мерекесі - Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!
-
Нұр-Сұлтанда «Әбдіжәміл Нұрпейісов: өмір сыры мен шығармашылығы» атты халықаралық конференция өтті
15 Тамыз, 11:01
«Вяра» облыстық болгар этномәдени бірлесігінің құрылғанына 25 жыл
17 Тамыз, 12:14
«Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында Абай ауданының Аналар кеңесі өкілдерімен кездесу
18 Тамыз, 14:31
САУРАН АУДАНЫНДА «ӨНЕГЕЛІ ӘКЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
16 Тамыз, 18:41
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысының жастарымен кездесті
15 Тамыз, 09:40
Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу – ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін маңызды фактор
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылауда
-
Сіздерді 9-мамыр – Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Сіздерді егемен еліміздің елеулі мерекесі - Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!
-
Нұр-Сұлтанда «Әбдіжәміл Нұрпейісов: өмір сыры мен шығармашылығы» атты халықаралық конференция өтті