
28 Ақпан, 2022
93
Түркістанға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен келді
Түркістан қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Ерубаев, Ілияс Бұларов және Дүйсенбай Тұрғанов жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында депутаттар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облысындағы өкілдігінің мүшелерімен кездесті.
Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының өңірдегі орындалуы барысы туралы баяндап өтті.
Келелі жиында ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді насихаттау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан жүзеге асып жатқан нәтижелі жұмыстар, алдағы мақсат-міндеттер талқыға салынды.
Кездесу барысында сөз алған депутат Д. Тұрғанов еліміздің егемендік жылдары жарқын жетістіктерді бағындырғанын, барлық игілік пен жетістік бірлік, этносаралық татулық ұғымдарымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ халық қалаулылары Серік Ерубаев пен Ілияс Бұларов Ассамблеяның қоғамдағы рөліне, оның мән-маңыздылығына тоқталды.
Басқосуға жиналғандар негізінен еліміздегі отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеу, этносаралық және конфессияаралық қатынастың маңыздылығы, газ бағасы, ауыл шаруашылығын дамыту тұрғысында өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Бұл ретте, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі және «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев, облыстық «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы, облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Марина Лимаренко, облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов сөз сөйлеп, өзекті мәселелер бойынша пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар сұрақ-жауап түрінде ой бөлісіп, пікір алмасты.
Жиынды қорытындылаған басқарма басшысының орынбасары Дәурен Сариев өңірде қоғамдық келісімді сақтауда жүйелі жұмыстар жалғасатындығын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордаға германияның бас консулы келді
-
"Ассамблея Жастары" еліміздің қалаларын көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруда.
-
ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА Кеңесі ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады
-
Талдықорғанда ҚР Президенті Жолдауын талқылады
-
ҚХА мүшелері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауына орай пікір білдірді
8 Тамыз, 17:51
Иордания Хашимиттік Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Юсуф Абдельғанимен кездесу
6 Тамыз, 12:58
Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы
5 Тамыз, 15:46
Аналардың атқарар шаруасы ауқымды
5 Тамыз, 15:12
Солтүстік-Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ертегілер елінде» республикалық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды
5 Тамыз, 15:06
«Ашық есік күні» акциясы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордаға германияның бас консулы келді
-
"Ассамблея Жастары" еліміздің қалаларын көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруда.
-
ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА Кеңесі ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады
-
Талдықорғанда ҚР Президенті Жолдауын талқылады
-
ҚХА мүшелері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауына орай пікір білдірді