25 Шілде, 2024
242
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі орынбасары Әлібек Бақаевтың төрағалығымен «Ассамблея жастары» өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Бұл кездесу Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген жастардың жобалары мен бастамаларына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Жиынға Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында халықаралық ұйымдар деңгейінде қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін ілгерілетуге бағытталған «Ассамблея жастары» жастар жобаларының тізбесін анықтау, сондай-ақ жастар үшін халықаралық ұйымдардың білім беру, гуманитарлық және қоғамдық жұмыстарына қатысу жаңа мүмкіндіктер құру мәселелері талқыланды.
Бұл ретте «Ассамблея жастары» бірқатар бастамалары қаралды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы жылында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде ЮНЕСКО басшылығының қатысуымен жеке көрме, конференция немесе дөңгелек үстел аясында ҚХА мен «Ассамблея жастары» жастар ұйымы қызметінің тұсаукесерін ұйымдастыру жоспарланды.
Сондай-ақ «Ассамблея жастары» ұйымын ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар қоғамдастығының мүшелігіне енгізуге және ұйымның 2025 жылы ЮНЕСКО Жастар форумының жұмысына қатысуына көмек көрсету, ҚХА жастар өкілдерінің қатысуымен және Нью-Йоркте БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің Жастар форумы аясындағы «Ассамблея жастары» қызметінің тұсаукесері; халықаралық ұйымдардың жастар кеңестеріне қосу туралы ұсыныстар айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
15 Сәуір, 21:38
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
18 Сәуір, 20:53
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
17 Сәуір, 16:39
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
17 Сәуір, 09:19
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
18 Сәуір, 10:56