Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Тамыз, 2022

93

Солтүстік-Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ертегілер елінде» республикалық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өітп жатқан «Ертегілер елінде» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өткізілді.

Бұл байқаудың мақсаты-баланың қиялын дамытып, дүниетанымын тереңдететін, сондай-ақ балаларды жан-жақтылы тұлға етіп қалыптастыруға қажетті жалпыадамзаттық құндылықтарды нәсихаттайтын заманауи ертегілердің жазылуына дем беру болып табылады.


Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан барлығы 25 шығармашылық жұмыс келіп түсті. 6 - 66 жас аралығындағы түрлі жастағы бақ сынаушылар өздерінің шығармашылық дағдылары мен ұшқыр қиялын көрсетуге ниет білдірді.

Іріктеуге педагогтар, филологтар, журналистер, кітапхана қызметкерлері арасынан жасақталған әділ де турашыл қазылар алқасы төрелік еті. Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды:

- Гран-при - Файзулина Ольга «Гүлдер туралы ертегі» (30 ұпай)

- 1 орын - Лахтина Тамара «Көктер хикаясы» (28 ұпай)

- 2 орын - Малвенова Светлана «Соня, Мура және найзағай» (27 ұпай)

- 3 орын - Нурикинова Альмира «Достық туралы ертегі» (24 ұпай)

Арнайы жүлделер иегерлері:

- Сингатуллин Тимур «Қойшы туралы ертегі» (21 ұпай)

- Батарышкин Денис «Компьютер әлеміндегі Эдик» (21 ұпай).

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен, ал өзге қатысушылар сертификаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Байқаудың облыстық кезеңі жеңімпаздарының шығармашылық жұмыстары республикалық кезеңге қатысуға жіберіледі.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс, сарқылмас қайрат, ұшқыр қиял тілейміз!



Кейін қарай