Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Сәуір, 2021

106

Өскеменде Халықаралық достық үйлерінің форумы аясында шара өтті

Ресей және Қазақстан елдері арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Еуразиялық достық көпірлері» атты халықаралық достық үйлерінің форумы аясында қазақстандық Достық үйлерінің қызметі жайында ZOOM платформасында онлайн презентация өтті.

Шараны «Халықтардың өмірлік бірлестігі» бүкілресейлік қоғамдық қозғалысы «Ресей халықтарының Ассамблеясы» қоғамдық ұйымы және Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РМБ ұйымдастырды.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйек - қазан айларында, Мәскеуде және Удмурт Республикасында өткен форумда Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстаннан келген қатысушылар ресейлік Достық үйлерінің қызметімен танысуға мүмкіндік алған болатын. Бұл жолы қазақстандық Достық үйлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірегей жобалары туралы айтып берді.

Шығыс Қазақстанның Достық үйі туралы, Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының басшысы Алмаз Болатұлы Нұрғалиев айтып берді.

- Біздің қаламызда орналасқан Достық үйінің ерекшелігі - оның Қазақстан Республикасында тұңғыш боп құрылғандығы, өйткені Шығыс Қазақстан көптеген ұлт өкілдері тұратын өңірлердің бірі. 1992 жылы Өскеменде қоғам қайраткерлерінің бастамасымен Достық үйі ашылды. Оны ҚР Тұңғыш Президенті, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде ашты. Сол уақытта өңірде барлығы 4 этномәдени бірлестік болса, бүгінгі таңда 22 этномәдени бірлестікке дейін жетіп отыр,- деді Алмаз Нұрғалиев.

Конференцияны ұйымдастырушылар мұндай шаралардың халықаралық достық пен татулыққа оң ықпал ететіндігіне үлкен сеніммен қарайды.


Кейін қарай