Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қаңтар, 2021

205

Өскеменде ҚХА меценаттар клубының мүшелері марапатталды

Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері қайырымдылық акцияларына тұрақты түрде қатысып келеді, ал оларға ШҚО ҚХА меценаттар клубының мүшелері барынша демеушілік жасауда.

Қоғамдық институттармен жұмыс жөніндегі қызметтің басшысы Балжан Даутпаева меценаттар клубының 2016 жылы құрылғандығын айтады.

– Ол қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлерінен құралған. Клубтың негізгі мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында қайырымдылық қызметін үйлестіру, қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, - дейді ол.

Облыс аумағында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрақты түрде көмек көрсетіліп келе жатқан қайырымды меценаттардың қатарында Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Сергей Коротин мен кәсіпкер Михаил Луневті ерекше атап өтуге болады. Олардың еңбектері еленіп, арнайы марапат қағаздарына ие болды.

- Мен үшін қоғамға пайдалы болу - үлкен бақыт. Мен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Достық үйімен ынтымақтастығымызға өте қуаныштымын. Әрмен қарай да игі шараларға белсенді түрде қатыса беретін боламын, - деді кәсіпкер Михаил Лунев.

Кейін қарай