Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Мамыр, 2021

485

Өскемен қаласының Достық үйіне Израиль елшісі келді

Өскеменге Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лиат Вексельман іссапармен келді. Ол сондай-ақ облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында болды.


Бұдан кейін Израиль елшісі еврей бірлестігінің мүшелерімен бірге синагогаға барды. Айта кетейік, өңірдегі алғашқы синагога 2009 жылы Өскемен қаласында салынған болатын. Ол бельгиялық сәулетшілердің жобасы бойынша жасалған.

- Достық үйінің қызметі маған қатты ұнады. Әрбір этностың өз мұрасын сақтап қалу мүмкіндігінің болуы - қоғам мен елдің дамуында шешуші рөл атқарады. Жылы қабылдауларыңыз үшін алғыс білдіремін, - деді Лиат Вексельман.

Кейін қарай