Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Мамыр, 2024

83

Шымкентте «Тірегіміз - тәуелсіздік, байлығымыз - бірлік, мақсатымыз - өрлеу» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы өтті

2024 жылғы 22 мамырда сағат 11.00 Шымкент қаласының әкімдігінде «Тірегіміз - тәуелсіздік, байлығымыз - бірлік, мақсатымыз - өрлеу» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы өтті.

Сессия жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжітұлы Сыздықбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек, Ж.Тәшенев атындағы университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғалымжан Шамшидинұлы Битұрсын, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Акрамович Хашимжанов, сондай-ақ ҚХА Кеңесінің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, партиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларықатысты.


Өз сөзінде ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісіМарат Алмасұлы Әзілханов су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткен облыстың барлық қамқор азаматтарына алғысын білдіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке»жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына жеке тоқталып өтті.

Су тасқыны тудырған қиын жағдайда халқымыз бірлік пен төзімділіктің берік үлгісін көрсетіп, күш біріктірді. Қазақстандықтар отандастарына көңіл бөліп, қамқорлық танытты. Еліміздің бірқатар өңірлерін қамтыған табиғи апат күндері зардап шеккендерге Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері мен қоғамдық қайраткерлері айтарлықтай көмек көрсетті. Су тасқынына қарсы күреске, атап айтқанда қайырымдылық және гуманитарлық көмекті жинауға, эвакуациялауды ұйымдастыруға және азаматтарды ақпараттандыруға этномәдени бірлестіктердің 12 мыңнан астам еріктілері қатысты.


ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен-жүрекке» республикалық акциясы аясында апат аймақтарына жалпы сомасы 770 млн теңгеге жуық 1500 тоннадан астам азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарлар жіберілді. Түркістан облыстық Ассамблеясы 150 млн теңгеге жуық сомаға 630 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберіп, осы игі істің көшбасшысына айналды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

Сондай-ақ, спикер этномедиация бағыты бойынша өңірдің жұмысын және ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің белсенділігін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының әкімі Ғабит ӘбдімәжітұлыСыздықбеков сессияны қорытындылап, облыстық Ассамблеяның жұмысы мен этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы қысқаша баяндады.

Айта кету керек, бүгінде қалалық ҚХА жанында 17 этномәдени бірлестік пен қоғамдық негізде 7 құрылым жұмыс істейді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті қоғамдық келісімді сақтау және қазақстандық патриотизмді танымал ету жөніндегі жобаларға жұмылдырылған.

Іс-шара барысында Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, белсенді волонтер Данара Юрьевна Саранова, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, жас кәсіпкер, меценат Асхат Мелдебекұлы Нұрлыбаев, «Ассамблея жастары» ұйымы қалалық өкілдігінің белсендісі, славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Тимур Олегович Инкижино сөз сөйледі.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік тілді үйрену, облыстық ҚХА жастар қанатының қызықты жобаларын іске асыру және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Сессия қорытындысы бойынша өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан бірнеше азаматты марапаттау рәсімі өтті.


Кейін қарай