
21 Қазан, 2022
1933
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы
2022 жылғы 20-21 қазан аралығында Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті.
Бұл форумға 10-16 жас аралығындағы Республика бойынша тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, көру, есту қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар, жалпы ауру салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар, түрлі жанрларда шығармашылықпен айналысатын балалар (аспаптық музыка, халықтық, академиялық, эстрадалық жеке ән айту, авторлық ән, поэзия, көркем сөз, ерекше жанр, пантомима, хореография, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық ұжымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары қатысты.
20 қазан күні «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы бастау алды. 100-ге жуық әр өңірден келген жастар Форум бағдарламасына сәйкес қатысушылар-мүмкіндігі шектеулі балалар Шымкент қаласының қолдауымен қаланың көрікті жерлерін аралап, қалалық хайуанаттар бағын аралады. Балалардың көңіл күйлері өте көтеріңкі, қуанышқа толы болды. Форумға қатысушылар қатарында Талдықорған қаласынан келген есту қабілеті бұзылған мектеп-интернатының әлеуметтік педагогі Елубайқызы Раушан өз сөзінде «Біз Шырайлы Шымкентте өтіп жатқан «Қайырымдылық керуені» форумына Талдықорған қаласынан келдік. Ең алдымен осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымызды айтқым келеді. Бүгінгі күн балаларға қатты ұнап жатыр. Атап айтқанда қалалық хайуанаттар бағы балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады»,- деді.
21 қазан Оқушылар сарайында «Балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның модераторы «Ұлттық делфи комитеті» корпоративтік фондының төрайымы Түспекова Құралай Айтқабылқызы өз сөзінде «Бүгінгі іс-шара өте жоғарғы деңгейде өткізілді, біз бұл іс-шарада әр өңірден келген әріптестеріміз ойларын жеткізіп, өз мәселелерін талқылап, жаңа инновациялық методикаларымен бөлісті. Бұл жоба қазіргі заманға өте керек деп ойлаймын, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі маңызды бағыттарды қолға алып, ілгерлету бағытында жұмыс істеп жатқанына өте қуаныштымыз. Бұл форум арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен дұрыс бағытта жұмыс жасаса, көңіл бөлсе, арнайы педегогтар жұмыс жасаса, олардың мүмкіндіктері қандай деңгейге жете алатындығын көрсете аламыз».
Сонымен қатар, Петропавл, Павлодар, Семей қалаларынан келген өкілдер арнайы мектеп-интернаттарындағы инклюзивті білім беру мәселелеріне тоқталды.
Дөңгелек үстелмен қатар Оқушылар сарайында балалар үшін арнайы «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Актерлық шеберлік», «Robopark» шеберлік сыныптарында мастер класстар өткізілді. Шеберлік сабақтарын арнайы білікті мамандар өткізді. Балалар өздеріне ұнаған сүреттер салып, актерлық шебер балалардың шығармашылыған көріп, робот және техника, IT саласымен танысты.
21 қазан сағат 17.30-да Жастар ресурстық орталығының залында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен Гала концерт өтті.
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумының жұмысын қорытындылай келе, қатысушыларға алғыс білдіріп, сыйлықтар табысталды.
“Қайырымдылық керуені” ҚХА республикалық форумы мүмкіндігі шектеулі балаларға өз армандарына жүзеге асыруға мүмкіндік берді, мүгедектіктен туындаған проблемалары біраз уақытқа ұмытылды. Құрдастарымен қарым-қатынас, дені сау адамдардың қызығушылығы, басқалармен қарым-қатынас тәжірибесі-мұның бәрі мүмкіндігі шектеулі балаларға “барлығы сияқты емес” адамдарды қабылдауға әрдайым дайын емес әлемге сеніммен кіруге мүмкіндік берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласындағы арандатушылықтарға қатысты
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
-
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
-
Құрметті қазақстандықтар!
-
Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Армысың, әз – Наурыз!» атты мерекесін атап өтті
-
ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ
27 Наурыз, 10:06
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
вчера, 18:48
Петропавл қаласындағы арандатушылықтарға қатысты
28 Наурыз, 15:53
Назардан тыс қалмады
26 Наурыз, 09:28
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
29 Наурыз, 16:33
Қостанайда дәстүрлі діни конфессиялар жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласындағы арандатушылықтарға қатысты
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
-
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
-
Құрметті қазақстандықтар!
-
Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Армысың, әз – Наурыз!» атты мерекесін атап өтті
-
ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ