Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2024

111

Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді

2024 жылғы 30 қараша күні Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстандағы Ахыска түріктерінің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зиятдин Қасанов, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ Шымкент қаласы ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары өзінің құттықтау сөзінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығының активін мерейтоймен құттықтады.

Ол қазақстандық этностардың мәдени және тарихи қауымдастығын насихаттауға және сақтауға, сондай-ақ өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен қолданбалы өнер көрмесі өтті. Сонымен қатар, қатысушылар Шымкент қаласының «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешеніне экскурсия жасады.

Кейін қарай