Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Тамыз, 2024

140

Шығыс Қазақстан облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті

2024 жылғы 20-22 тамыз аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы «Балақай» спорттық-сауықтыру орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, ҚХА, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, халықаралық жастар ұйымдары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері және блогерлер қатысты.


Жобаның мақсаты – этникалық жастарарасындағы достықты нығайтуға жәрдемдесу, мәдени әртүрлілік қағидаттарына негізделген жастар қауымдастығын дамыту.

Үш күнге жоспарланған лагерь бағдарламасы жастардың әлеуетін дамытуға бағытталып, оның аясында пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері, мотивациялық кездесулер, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Жұманова Динара Келденқызыжастармен бейресми кездесіп, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және жастар арасында этносаралық келісімді нығайту бойынша маңызды жобаларды талқылады.

Жоба аясында шақырылған спикерлер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ассамблея жастары өкілдігінің төрағасы Юнусов Равиль Александрович,«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Урмашов Александр Николаевич, “Болашақ” бағдарламасы бойынша CityUniversity London түлегі, Sagit компаниясының негізін қалаушы, Астана Хаб, АХҚО мен Катар резиденті Есельбаев Жақсылық ойларын ортаға салды. Олар жастарға азаматтық құндылықтарын дамыту және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамиамасыз етуге бағытталған мәдениетаралық коммуникацияларды ілгерілету бойынша дәрістер өткізді.

6 мотивациялық кездесу, 3 пікір талас алаңы, 2 оқыту тренингі, 5 спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.


Кейін қарай