Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қаңтар, 2021

178

«Шаңырақ» ҚХА кафедраларының Қауымдастығы» халықаралық ғылыми онлайн-вебинар өткізбек

«Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және ҚХА кафедралары мен Қауымдастықтың гранттық ғылыми-қолданбалы жобаларды іске асыруға қатысуы» Халықаралық республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн-вебинар ұйымдастырмақ.

Өткізілу уақыты – 29 қаңтар (15:00 сағ.) және 30 қаңтар (10:00 сағ.). Дәріс-презентациялар ЕҰУ сайтында Платонус жүйесінде орналастырылған mooc.enu.kz, Алматы облыстық орыс орталығы Ютуб каналында (https://www.youtube.com/watch?v=G49nXv0ClcM) көрсетіледі.

Айта кету керек, Қауымдастық 2013 жылғы 28 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында қол қойылған Меморандумға, сондай-ақ ЖОО Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес құрылды. Университеттің ғылыми және оқу-әдістемелік базасы негізінде құрылған ҚХА кафедрасы кейіннен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшесі ретінде ҚХА кафедраларының қауымдастығы болды.


Кейін қарай