08 Қазан, 2021
464
ШҚО-да ЭМБ өкілдері республикалық семинарға қатысты
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған республикалық семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды.
Семинарда Шынар Тәукібаева, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Нұрғалиев Алмаз, «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» РҚБ басқарма мүшесі Ахунжанов Габдулхак, клиникалық психолог «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры Баймухаметова Резеда және т.б қатысты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған семинарда қатысушылар Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісті, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қызметінің заманауи міндеттері мен перспективаларын қарастырды.
Клиникалық психолог Баймухаметова Резеда адам миының құрылымы, этникалық және нәсілдік қатыстылығына қарамастан ақпаратты қалай қабылдайтыны туралы айтып беріп, «Киберкеңістіктегі қауіпсіздіктің психологиялық аспектілері-төзімсіздікті насихаттайтын және оларды зорлық-зомбылыққа итермелейтін тілге қарсы іс-қимыл әдістері» тренингін өткізді.
Семинар соңында қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының этноауыл, сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығына барып, осы аймақта тұратын этностардың мәдениеті мен тұрмысымен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
15 Сәуір, 21:38
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
17 Сәуір, 16:39
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
17 Сәуір, 09:19
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
вчера, 20:53