Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2021

230

Семейде «Мрія» украин мәдени орталығының» кездесуі болды

Семей қаласының Достық үйінде «Мрія» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Алғыс айту күніне арналған «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» онкүндігі аясында «Орталық достарды қарсы алады» атты кездесу өткізді.

Кездесуді бірлестік төрайымы Татьяна Вагнер ашты. Ол елімізде тұрып жатқан этностардың көпғасырлық достығы мен Қазақстанға қоныс аударған украиндықтардың тағдыры туралы айтып берді. Бірлестік мүшесі Валентина Богданчикова 1947 жылы Семей қаласына көшіп келіп, екінші Отанын тапқанын мақтанышпен жеткізді. Орталық төрайымының орынбасары Богатырева Галина Қазақстан мен Украина арасындағы достық қарым-қатынас туралы баяндады.


Кездесуден кейін украин халқының тұрмыстық заттары, ұлттық киімдері мен тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Шара соңында орталық мүшелері «Нич яка місячна» украин халық әнін орындады.

Кейін қарай