Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қыркүйек, 2024

394

«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Достық үйінде Республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы шеңберінде «Салауатты сана» жобасы бойынша уәкілетті органдардың жұмыс кездесуі өтті.

Ауқымды шараға облыстық ҚХА Аналар кеңесі, “Анаға тағзым” орталығының өкілдері, уәкілетті органдар, өңірлік Іскер әйелдер қауымдастығы, ҮЕҰ, облыстық білім басқармасы, қаладағы 60 мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, серіктес мекемелер, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуді республикалық ҚХА кеңесінің мүшесі Айгүл Қабиева жүргізіп отырды. Жамбыл облысыиақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев шара жұмысына сәттілік тілеп, нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресте уәкілетті органдарға жастармен жұмыс жасауда ҚХА құрылымдарының әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.

Іс-шара барысында ҚХА-ның 33-ші сессиясында бастау алған «Салауатты сана» жобасын облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төраға орынбасары Сара Даузова кеңінен таныстырды:—

«Балаларымыз қауіпсіз қоғамда өмір сүрсін десек, оны өзіміз бірге жасауымыз керек» ұранымен бастау алған жобаның мақсаты өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап, тәрбиелік танымдық бағдар беру, дей келе, Сара Манкизқызы қоғамдық кеселге қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, бұл тұрғыда Аналар кеңесі уәкілетт іоргандарға аталған әлеуметтік кеселдердің алдын-алу, қоғамға бұл әрекеттердің себеп-салдары мен келтіретін зиянын түсіндіру, келеңсіз әрекеттерге толық қарсы болу мәдениетін қалыптастыруға ақпараттық-түсіндіру жағынан көмек көрсететінболады.

Өз кезегінде журналист, қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Жаңабай Миллионов «Ысырапшылдықтың қоғамдық, экономикалық зардаптары» тақырыбында атты баяндамасында даңғаза той жасап, “ас та, төкке” ырық беруден бас тартуға үндеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік мәселе төңірегінде Бастапқы психикалық денсаулық орталығының дәрігері Дастан Кенжалиев «Лудомания и наркомания в 21 веке», Жамбыл облысы Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Диляфруз Кинжеханова«Отбасындағы тұрмыстық-зорлық зомбылықтың қоғамдық зардаптары, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Даурембеков«Тарихи-мәдени ескерткіштердің құндылығын сақтау ортақ міндет» тақырыптарында мардымды баяндамалар жасаса, Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан, Жамбыл облысы әкімдігі білім беру басқармасы жанындағы облыстық ата-аналар қауымдастығының төрағасы Ринат Нұрақбаев, қалалық білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Марина Алиева әлеуметтік мәселе жайында өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында аталған мәселелер бойынша жұмысты жүйелі жүргізу үшін бірқатар ұсыныстар айтылды.

Атап айтсақ, жаңа оқу жылында барлық оқу орындарында «Қауіпсіздік сағаты» жобасы негізінде жасалған жоспарды жаңғыртып, уәкілетті органдармен бірлескен жоспарларына толықтыру енгізу сияқты мәселелер қарастырылуы қажеттігі аталып өтті.


Кейін қарай