Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Наурыз, 2023

601

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар

Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің жыл басындағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен отырысынан кейін қала мектептері мен колледждерінде профилактикалық кездесулерді өткізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары құрылды.

Іс-шаралардың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықпен күресудің алдын алу мақсатында шылым шегу қоспалары мен есірткі заттарын тұтынудың алдын алу, жасөспірімдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау, балалардың суицидінің алдын алу және т.б. Осындай іс-шаралар бойынша 2023 жылдың ақпанынан наурызына дейін 20-дан астам кездесулер өткізілді. Жасөспірімдерге дұрыс көзқарасты қалыптастыру және ақпараттандыру мақсатында Алматы қаласы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының, Психикалық денсаулық орталығының, «Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері (ҚХА Аналар кеңесі мен Қазақстан жыныстық және репродуктивті денсаулық Ассоциациясы), өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды), этномәдени бірлестіктер жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері кездесулерге шақырылды.

Түсіндіру барысында спикерлер есірткінің ағзаға тигізетін кері әсері және осы нашақорлықтың жастар арасында таралу қаупі туралы айтып, есірткі және ағзаға зиянды басқа да заттарды қолданудың әлеуметтік-құқықтық аспектілері, және мысалдар келтірілді. Түсінікті болу үшін есірткінің зияны мен оны қолданудың ауыр зардаптары туралы деректі фильм көрсетілді. «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы және оған әсер ететін факторлар» тақырыбындағы лекциялар қызықты әрі қажет болды.

Сұлушаш Досболова – Алматы қалалық ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға уәзірі, полиция майоры сияқты мамандарға үлкен кәсібилік пен тәжірибені атап өткіміз келеді, сондай-ақ іс-шараларға белсене қатысқаны және ынтымақтастығы үшін Анна Александровна Трубникова, психиатр, нарколог; Елемесова Шара Сейловна – гинеколог, Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығының мүшесі үлкен алғысымызды білдіреміз.

ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдарының қызметі мен жобалары туралы айтып берді. Бұл жұмыс бағытының мақсаты жастардың назарын Ассамблеяға аудару, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын нығайту, салауатты өмір салтын, сонымен қатар дене шынықтыру мен спортты насихаттау және т.с.с.


Кейін қарай