Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қыркүйек, 2021

154

Садақ атудан «Достық жебе» дәстүрлі турнирі өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Жерұйық» саябағында «Ақбузат» башқұрт этномәдени бірлестігі «SADAQ ATY» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы» РҚБ филиалымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Достық жебе» дәстүрлі садақ атудан турнир өткізді.


Турнирге қатысушылар тек дәстүрлі ұлттық киімде ғана қатысты.

Жаңадан келгендерге іс-шараны ұйымдастырушылар алдымен шеберлік сыныптарын өткізді. Қатысушылар «Жаңадан бастаушылар» категориясында өнер көрсетті.


Садақ атушы үміткерлер арасына дүнген, башқұрт және күрд орталықтарының өкілдері қосылды. Сондай-ақ Қарағандыдан тәжірибелі 30 мерген қатысты. Мергендердің жалпы саны – 80 адамды құрады.

Нұр-Сұлтан қаласының ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында жыл сайын турнир өткізу жоспарланып отыр.

Турнир әйелдер мен ерлер арасында үш санат бойынша өткізілді: тәжірибесі бар, жаңадан келгендер және балалар.

Балалар 16 жасқа дейін:

1 орын Бекежан Медина

2 орын Нурланова Армана

3 орын Даниил Караганда

Әйелдер санаты:

1 орын Аппазова Аяулым

2 орын Тлепберген Айым

3 орын Тарыца Анжела

Ерлер санаты:

1 орын Нуртаев Азамат

2 орын Туруспеков Бахтияр

3 орын Ахметов Мухаммедали

Жаңадан бастаушылар санаты:

1 орын Кеңес Дархан

2 орын Ахмедов Алик

3 орын Бейбосынов Асылхан

Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табысталды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Кейін қарай