
03 Қараша, 2020
280
СҚО ҚХА «Өнеріміз саған, Қазақстан» онлайн-фестивалінің қорытындысын жариялады
Солтүстік Қазақстанда ҚХА-ның 25 жылдығына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» онлайн-фестивалінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.
Фестивальге қазақ ұлттық өнерін меңгерген түрлі ұлт өкілдері қатысты. Олар төрт номинация бойынша бақ сынаған болатын. Алғашқы номинация «Алтын ішектері» бойынша бақ сынаушылар қазақ ұлттық аспаптарында ойнады, ал келесі сын «Дала дауысында» қазақ тілінде әндер шырқалды. Үшінші номинация «Би әлемі» мың бұралған бишлерге арналды, соңғы сынақ «Алтын сандықта» қазақ қолданбалы-сәндік өнері шеберлігін көрсетті. Айта кету керек, әр номинацияда өзінің жеңімпаздары анықталды.
«Алтын ішектері» номинациясында Аққайың ауданы Астраханка ауылының «Жас Дәурен» ансамблі жеңіске жетті. 2-орын Петропавл қаласынан Ескендиров Даниилге бұйырса, 3-орынды Анохина Ольга мен Лелюк Мария (Петропавл қ. НЗМ) жеңіп алды.
Әділ қазылар «Дала дауысы» номинациясында қазақ әнін орындаған Юлия Родионованың өнерін жоғары бағалап, оған Гран-при атағын берді, ал 1 орынды Аққайың ауданы, Смирново ауылының тумасы Ольга Векерле ұтып алды.
Байқауға этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті, мәселен «Дуслык» татар-башқұрт орталығының мүшесі Рамазанова Дария 2-орынға ие болды. «Дала дауысы» номинациясы бойынша үшінші жүлделі орынға қазақ тілінде әсем ән шырқаған Новик Андрей ие болды. Осы номинация бойынша «Кентрон» армян этномәдени орталығының мүшесі Аракелова Ангелина 3-орынды иеленді.
«Би әлемі» сынында 1 орын Шлемина Надеждаға (Петропавл қ.) бұйырса, 2 орын «Гәкку» хореографиялық ансамблінің бишілері Камалова Алина мен Мартемьянова Томириске берілді. Ал жүлделі үшінші орын Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылынан келген «Радуга» би тобының қанжығасында кетті.
Конкурс түрлі этностарды біріктіріп қана қоймай, Қазақстанның басқа өңірлерінен қатысушыларды тартты. «Алтын сандық» номинациясында Батыс Қазақстан облысының қатысушысы Пудова София екінші жүлделі орынға ие болды, ал Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылынан Филимонова Виктория, Подколзина Вера жеңімпаз атанды.
Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан отызға жуық қатысушылар келіп, қазақ халқының ұлттық өнеріне қызығушылық танытты. Қазақстан халқының достығын, бірлігі мен патриотизмін нығайтуға ықпал ететін жаңа таланттар анықталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
-
Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті
-
Өскеменде татуластыру орталығы ашылды
-
Өскемен қаласының Достық үйінде жас келіндерге арналған шеберлік сағаты өтті
-
Қарағанды оқушыларына КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау туралы сабақ өтті
-
Қызылордада «Жаңғыру жолы» жастары өткен жылға есеп берді
18 Қаңтар, 11:17
Қызылордада кибербуллинг бойынша мазмұнды кездесу ұйымдастырылды
19 Қаңтар, 10:38
Өскеменде ҚХА меценаттар клубының мүшелері марапатталды
18 Қаңтар, 11:39
Ақтөбеде «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің «Тәуелсіздік тірегі – бірлік» атты қоғмадық-мәдени іс-шарасы өтті
20 Қаңтар, 11:29
Алматы облысының Достық үйі ертегілерді жазу бойынша аймақтық байқау бастайды
21 Қаңтар, 10:22
Түркістанда ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің отырысы болды
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
-
Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті
-
Өскеменде татуластыру орталығы ашылды
-
Өскемен қаласының Достық үйінде жас келіндерге арналған шеберлік сағаты өтті
-
Қарағанды оқушыларына КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау туралы сабақ өтті
-
Қызылордада «Жаңғыру жолы» жастары өткен жылға есеп берді