Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Тамыз, 2021

123

СҚО ҚХА еріктілері үйсіз қалған жануарларға арнап акция өткізді

Тамыздың әр үшінші жексенбісінде халықаралық үйсіз жануарлар күні атап өтіледі. Бұл биылғы жылдың 21 тамызына сәйкес келіп тұр. Бұл күн мереке болып есептелмейді, оны атап өтудегі басты мақсат - үйсіз жануарларының мәселесіне қоғамның назарын аудару.


Осыған орай, СҚО ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының белсенділері «Белый Бим» үй жануарларының үйіне барды. «Біз қолға үйреткен жануарлар үшін жауаптымыз» атты еріктілер акциясына «Стройдвор» дүкені демеу білдіріп, иттерге үйшіктер ұсынды.

Ендігі кезекте еріктілер осында тұрағын тапқан иттерді тамақтандыратын болады.

Кейін қарай