Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2020

180

СҚО-да өзекті мәселелерге бағытталған байқаулар өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі ҚКК рөлін танымал етуге, сондай-ақ өңірдегі өзекті мәселелерді анықтауға бағытталған конкурстар ұйымдастырды.


СҚО ҚХА ҚКК «Қызылжар адалдық алаңы» жобалық кеңесімен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешу бойынша Хакатон форматындағы жобалар конкурсы іске қосқан болатын. Аймақтағы күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, іс-шара бірнеше кезеңге бөлінді. 23 қарашадан бастап, апта бойы әр команда ұйымдастырушылар ұсынған белгілі бір тақырыпта өз жобасын қорғады.

Жобалар конкурсына барлығы 6 команда қатысты. Олар көші-қон үдерістерінің өсуі, қоқыстарды рұқсатсыз төгудің көбеюі, этносаралық қақтығыстардың алдын алу, ұраншыл жастар санының өсуі, мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы иек артушылық мінез-құлық деңгейін арттыру, ТКШ саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау секілді мәселелерді қозғады.


Конкурс қорытындысы бойынша 1-орынды «Атамекен» командасы, 2-орынды «Роботех-Петропавл», 3-орынды «Абам бол!» командасы иеленді. Командалардың барлық қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Кейін қарай