Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қазан, 2021

66

СҚО-да рухани келісім күніне арналған ашық есік күні өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстандағы рухани келісім күніне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Достық үйінде Петропавл қалалық құрылыс-экономикалық колледжінің студенттеріне қызықты экскурссия өткізілді.

Аталмыш экскурссия барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшының орынбасары М.Татаренко студент жастарды «рухани келісім» ұғымымен таныстырып, этномәдени бірлестіктердің жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстарын көрсетті.

- Әрине, осы біздің мекемеміздің, жалпы мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысы маңызды деп есептеледі. Өйткені елімізідегі көп конвесиялық келісімді сақтаудың рөлі зор болып тұр, - деп атап өтті Мария Петровна.


Кейін қарай