Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Маусым, 2022

62

Құрметті журналистер қауымы!

Сіздерді кәсіби төл мерекеңіз – Журналистика күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп.

Өз дәуірінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген журналистика саласы, бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде билік пен халық арасын байланыстырушы буын ғана емес, халқымыздың жетістіктерінің жаршысына айналды.


Ел дамуына, мемлекет тұрақтылығына зор ықпал ететін журналистер қауымы әрқашан құрметке лайық.


Халқымыздың ұлттық мүддесін сақтау қағидасын ұстана отырып жасаған жұмыстарыңыз – ел үшін өте маңызды.


Жауапты қызметті абыройлы атқарып, өз тағдырыңызды ел тағдырымен байланыстырған ерен еңбегіңіз еселі жемісін беріп, жеңісті күндеріңіз көп болсын.


Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарған игі істеріңізге табыс, кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Құрметпен, М.Әзілханов

Кейін қарай