
08 Наурыз, 2023
874
Құрметті ханымдар!
Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сіздерді көктемнің шуақты мерекесі, нәзіктік, сұлулық пен шабыттың белгісі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әйел – әлемнің ажырамас бөлігі, адамзаттың анасы, тіршіліктің бастау бұлағы. Аяулы ана, сүйікті әпке, өмірлік жар, ақ жаулықты әже, ерке қарындас.Салауатты қоғам қалыптасуында әйел заты маңызды рөл атқарады. Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Шынында да, қоғамның моральдық келбетін қалыптастыруда да, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде де нәзік жандылардың миссиялары шексіз. Алланың рахымының жерге түскен шағылысы да, Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы да,Алланың ұлы аманаты да сіздерсіздер, құрметті әйелдер қауымы!
Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары, сұлулықтың символы, әдеміліктің асыл тәжі, нәзіктіктің қас үлгісі деп білеміз.
Ардақты аналар! Аяулы арулар!
Шұғылалы көктемнің ең жарқын мерекелерінің бірі, 8-Наурыз күні құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілейміз.
Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Сондықтан жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп, көңілдеріңіз нұрға, жүректеріңіз жырға бөленсін!
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚҰРМЕТТІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР, АРДАҚТЫ ДОСТАР!
-
Құрметті қазақстандықтар!
-
Құрметті отандастар! (үндеу)
-
Елбасы ҚХА құрметті төрағасы болды
-
Қазақстанның құрметті журналисі Л.Монастырская Құрмет орденімен марапатталды
-
Семей: С. Картоевке И. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді
10 Ақпан, 23:47
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
сегодня, 08:34
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
11 Ақпан, 14:39
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚҰРМЕТТІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР, АРДАҚТЫ ДОСТАР!
-
Құрметті қазақстандықтар!
-
Құрметті отандастар! (үндеу)
-
Елбасы ҚХА құрметті төрағасы болды
-
Қазақстанның құрметті журналисі Л.Монастырская Құрмет орденімен марапатталды
-
Семей: С. Картоевке И. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді