
21 Наурыз, 2023
132
Құрметті қазақстандықтар!
Көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Әз-Наурыздың тарихы қандай бай болса, маңызы мен мазмұны да теңдессіз. Сол тұрғыдан алғанда айтулы мейрам Қазақстан халқының ынтымағы мен достығының, жасампаздығы мен келісімінің жарқын көрінісін паш етеді.
Наурыз мерекесі жадыраған жазды қарсы алар көктемнің басы болғандықтан, бұл күнді ата-бабаларымыз қашанда жаңарудың жаңа кезеңімен байланыстырған. Яғни, жетістіктерін өлшеп, болашаққа жоспарларын белгіледі.
Наурыз мейрамын қарсы алуда біз әрқашан қоғамымыздың дәстүрлі құндылықтары – өзара көмекке, сенімге, еңбекқорлыққа, мейірімділік пен төзімділікке жүгінеміз. Бұл күні біз жақын адамдарымызға қамқорлық жасаймыз, айналамызға қуаныш пен бақыт сыйлаймыз.
Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын осы көктем мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
31 Мамыр, 14:42
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 Мамыр, 21:02
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған республикалық ғылыми - әдістемелік семинар өтті
1 Маусым, 15:21
Алматыда «ТУҒАН ЖЕР ҚҰШАҒЫНДА» атты Республикалық ІІ фестиваль өтті
2 Маусым, 17:52
Алматы қаласының республикалық этномәдени бірлестіктері және ҚХА активімен кездесу
29 Мамыр, 18:20
Петропавлда «Үйде сөйле» аула клубы ашылды