Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2024

98

Республикалық Достық үйіндегі Қазақстан халқының тілдері күні

2024 жылғы 5 қыркүйекте Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқының тілдері күні өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - еліміздің азаматтары ретінде Қазақстан этностары арасында мемлекеттік тілді білуді ілгерілету, сондай - ақ ЮНЕСКО күнтізбесі бойынша Махмұд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-Түрік" түркі тілдерінің алғашқы энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту. Атаулы күн Венгрия, Мавритания, Марокко, Катар және Тәжікстанның қолдауымен Қазақстан Республикасының, Әзірбайжан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Түркия Республикасының өтінімі бойынша қабылданды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің "Қоғамдық келісім" РММ Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы.

Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы А.А. Аренова, Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының өкілдері, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығының ғылым бөлімінің басшысы В. Г. Толмачев құттықтау сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелді модератор - философия ғылымдарының докторы (PhD), Кенжеғали Сағадиев атындығы халықаралық бизнес университетінің қауымдас-тырылған профессоры Н.Е. Құлымжановмемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізді, онда Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерделеу жөніндегі республикалық орталықтың директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абусеитова М.К., шығыстанушы, әдебиет тарихшысы, «Диуани лұғат ат-түрік» орыс тіліне аудармашысы, «Eurasian Perspective» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі (Нидерланды), филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ауэзова Зифа-Алуа; «Ахыска» республикалық түрік этномәдени орталығының Аналар комитетінің төрағасы, Алматы қ. Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Хусаинова З.Ш. Қазақстан халқының Тілдер күні ұлттық мерекесі туралы сөз қозғады.


Мемлекеттік тілде баяндамаларын оқығандар қатарынан Мұхтар Әуезов ат. Әлемдік әдебиет және халықаралық байланыстар бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Хамраев А.Т., Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігіҒылым комитеті М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар жәнетекстология орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Ж.С., «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Ташыбеков М.Н.; Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің бас маманы (Алматы қ.) Сахабаева А.К. болды.

Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры (1999-2022), Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық академиясының құрметті профессоры Ни Любовь Августовна театрдың қазақ, корей және орыс тілдерінде көрсететін, үш тілді қолданып, оларды көптеген спектакльдерде біріктіретін спектакльдер жайлы айтып берді. «Қаракөз» (М.Әуезовтің хикаятыбойынша), «Әйел махаббаты» (Мағжан Жұмабаев туралы), «Мен өз өмірімді өлеңдерден құрадым»(Жамбыл Жабаев туралы), «Махаббат туралы поэма. Қозы Көрпеш және Баян Сұлу» (Ғ.Мүсірепов бойынша), «Қобыланды» (халық аңызының негізінде), «Аз және мен» (О. Сүлейменовтің шығармалары бойынша), онда қазақ әдебиеті туындылары негізінде қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі ретінде ілгерілеп келеді.

Іс-шараның шығармашылық бөлігі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, күйшіҚараш Талаптың «Мұқағали» авторлық күйінорындады, Республикалық академиялық кореймузыкалық комедия театрының жетекші актері, Қазақтеатрлары қауымдастығының Ұлттық театрсыйлығының «Үміт» номинациясындағы лауреатыЮгай Борис (Мағжан Жұмабаев «Мен жастарғасенемін») және Талғар қ. лицейдің оқушысы ШириновЮсуф (Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым»)мемлекеттік тілде өлеңдер оқыды.


Куддус Кужамьяров ат. Мемлекеттікреспубликалық академиялық ұйғыр музыкалықкомедия театрының директоры Бахаров Дильмурад өзтеатрында көп жылдар бойы көрсетіп келе жатқанМахмұд Қашағари туралы спектакль жайлы баяндап, театрдың жетекші актері, «Мәдениет саласының үздігі»Аманбаев Дильшат М.Қашғари рөлінде «Диуанилұғат ат-Түрік» сөздігі туралы монологты халық алдына паш етті.

Дөңгелек үстелге республикалық, өңірлікэтномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласындағыреспубликалық ұйғыр театрының ұжымы, үкіметтікемес ұйымдар, оның ішінде «Офицерлер одағы»,«Жетісу күші» және «Шынға өрлеу», «Тұран»университетінің студенттері, әл-Фараби ат. Қазақұлттық университетінің бейіндік мектебініңоқушылары, Алматы қ. әскери-техникалық мектептіңкурсанттары, БАҚ қатысты. Барлығы 110 адам.

Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар