Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2022

89

Республикалық Достық үйінде Қазақстандағы саяси реформалардың іске асырылуы талқыланды

2022 жылғы 9 тамызда Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.А.Әзілханов «Барбанг» Қазақстан күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен және өңірлердегі белсенділерімен кездесті.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы – Ғ.Н. Шойкин және Қазақстан күрділерінің «Барбанг» қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен өңірлік белсенділері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды іске асыру барысын талқылады. Онда Марат Әзілханов өңірлерге баса назар аудара отырып, елдегі бірлік пен қоғамдық келісімді одан әрі нығайтудың маңыздылығы туралы айтып берді.

«Сіздердің әрқайсыңыз жергілікті жерлерде бірлікті нығайту бойынша үлкен жұмыс атқарып келесіздер. Бұл біздің басты міндетіміз. Өйткені, тек бірлікте, өзара түсіністікте және барлық бастамалар бір ауыздан қолдау тапқан жағдайда ғана біз жаңа Қазақстанды құра аламыз. Бізге нақты, жергілікті мәселелерді шешуге көбірек көңіл бөлу қажет және жүргізіліп жатқан реформалардың барысы туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ түсіндіру қажет», - деп атап өтті М.Әзілханов.


Кездесу барысында этносаралық қатынастарды дамытудың, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеудің өзекті мәселелері көтеріліп, делегаттардың атқарылған жұмыстары туралы қысқаша есептері тыңдалды.

Іс-шара соңында қатысушылар кездесуді ұйымдастырғаны үшін өз алғыстарын айтты және саяси өзгерістерді жүзеге асыруға қатысуға дайындықтарын білдірді.

Айта кетсек, іс-шараны Алматы қаласының Достық үйі мен «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Кейін қарай