Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2022

316

Республика күніне орай «Джайляу» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті

2022 жылғы 19−21 қазан аралығында Республика күніне орай «Джайляу» демалыс орталығында (Қостанай облысы Алтынсарин ауданы) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қоғамдық келісім» РММ.


Мұндай жастар Лагерін өткізу дәстүрге айналған. Лагерь белсенді, талантты жастарды біріктірді. Қазақстан халқы Ассамблеясының іргелі қағидаттарын жастар ортасына енгізу, ҚХА әлеуетін дамыту қағидаттарына негізделген достық байланыстарды нығайту және жастар қоғамдастығын құру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, республикалық және халықаралық жастар ұйымдарының өзара әрекеттесуін орнату мақсатында белсенді жастардың жиыны өткізілді.


Жобаның бірінші күні ашылу рәсіміне "Қоғамдық келісім" РММ директорының орынбасары Кемелев А.Т., Қостанай облысының "Қоғамдық келісім" КММ директоры Н.С. Рамазанова және "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы Т. Джумурбаев қатысты. Сондай-ақ, Лагерьдің ашылу рәсіміне онлайн байланыс арқылы Қырғызстан, Өзбекстан жастары қатысты.

Лагерь бағдарламасы аясында Қостанай облысы ҚХА тобының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Д. Качеев жастарға күнделікте және әлеуметтік желілерде этносаралық келеңсіз жағдайдың алдын алу жөнінде тренинг өткізді.


Жастарға мемлекеттік қызметшінің ұстанымы, патриоттық тәрбие, білім алудың маңыздылықтары жөнінде

Мемлекеттік істер агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы А.Б. Искендиров айқындап берді. Сондай-ақ, еріктілік және кәсіпкерлік саласын ұштастыру жөнінде және коммуникацияны құру мәселелері, бірлік құндылықтары жөнінде тренинг, квест-ойындар ұйымдастырылды.

Бұл жобадағы айтулы оқиға - еріктілер акциясы өтті. Жобаның екінші күні ормандарды қалпына келтіруге Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жастар орманның қайта өсуіне өз үлестерін қосты, Әулиекөл ауылында 100-ден астам көшеттер отырғызды. Жалпы Жобаға қатысуға 70 астам жастар келді. Қазақстанның барлық аймақтарынан жастар жиналды. Олар – этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ облыстық штабының жетекшілері мен мүшелері, Қостанай облысында өрт болған жағдайда көмектескен еріктілер, ауыл жастары, республикалық және халықаралық жастар ұйымдары.

Кейін қарай