Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қыркүйек, 2022

299

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі республикалық этномәдени бірлестіктермен кездесуі

2022 жылғы 11 қыркүйекте Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі республикалық этномәдени бірлестіктермен кездесті.

Кездесуде Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы,сонымен бірге ұлт бірлігін қамтамасыз ету, этносаралық келісімді нығайту бойынша Министрліктің республикалық этномәдени бірлестіктермен серіктестігін одан әрі дамыту талқыланды.

Министр этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларын Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің мемлекеттегі бейбітшілік пен келісімді дамытудағы үлесі, сонымен қатар мемлекет бастамаларын қолдау және мемлекеттік реформалар мен қайта жаңғыруды ілгерілетудегі белсенді әрекеттестіктері үшін алғыс білдірді.

Сонымен бірге, мекеме басшысы Қостанай облысындағы алапат өртте зардап шеккендерге көмек көрсеткені үшін этномәдени бірлестіктерге алғыс білдірді.

Этномәдени бірлестіктердің басшылары Министрді іске асырылып жатқан ағартушылық және өзге де жобалар туралы ақпараттандырды, Президент Жолдауындағы міндеттерді шешудегі бірлескен жұмыс бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Анықтама: Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен
60 млн. 31 мың теңге соммасына қаражат жиналып, зардап шеккендерге аударылды, 243 тоннадан астам гуманитарлық көмек көрсетілді.

Гуманитарлық акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдары – волонтерлер, этномедиаторлар, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы, Ассамблеяның кафедралар қауымдастығы, аналар, қоғамдық келісім кеңестері және т.б. қатысты.

Кейін қарай