
05 Қаңтар, 2021
289
Президент: Қазақстан халқы Ассамблеясы тыныштық пен тұрақтылықтың бастауы болды
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетіне "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы жарық көрді.
- Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылығымызға айналдыра алғанымыз анық. Көптеген шетелдік сарапшылардың елімізге қатысты «Еуразиядағы шырпы тисе лап еткелі тұрған қурай», «failed state» сияқты болжамдарын жоққа шығардық. Бұл жолда тыныштық пен тұрақтылықтың бастауы болған Қазақстан халқы ассамблеясы тиімді жұмыс атқарды. Ешкімді ұлтына қарап, бөле-жарған жоқпыз. Бәрінің өсіп-өнуіне толық жағдай жасадық, бірдей мүмкіндік бердік. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты. Халқымыздың осындай ырыс-ынтымаққа негізделген жарасымын бағалай білуіміз керек. Бұл – кемел келешекке бастайтын бірден-бір дұрыс жол. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз.
Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады, - дейді Президент.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА: Әйелі бақытты елдің халқы бақытты
-
Қ.Көшербаев: «Еліміздің өркендеуі жолында атқарған еңбектері үшін әрбір қазақстандыққа алғыс білдіремін»
-
Семейде «Мрія» украин мәдени орталығының» кездесуі болды
-
Президент: Бұл күні халқымыздың бір-біріне қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі
-
Елбасы: Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді
-
Оралда Ақсақалдар кеңесінің отырысы болды
5 Наурыз, 15:03
ҚХА: Әйелі бақытты елдің халқы бақытты
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
2 Наурыз, 11:53
Ақтөбеде ЭМБ мүшелері айтулы күндерді ұмыт қалдырмайды
4 Наурыз, 12:22
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
4 Наурыз, 15:43
Семейде үздік татар тағамы анықталды
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА: Әйелі бақытты елдің халқы бақытты
-
Қ.Көшербаев: «Еліміздің өркендеуі жолында атқарған еңбектері үшін әрбір қазақстандыққа алғыс білдіремін»
-
Семейде «Мрія» украин мәдени орталығының» кездесуі болды
-
Президент: Бұл күні халқымыздың бір-біріне қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі
-
Елбасы: Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді
-
Оралда Ақсақалдар кеңесінің отырысы болды