
29 Мамыр, 2023
130
Петропавлда «Үйде сөйле» аула клубы ашылды
«Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен этномәдени бірлестіктердің белсенділері Солтүстік Қазақстан облысында қазақ тілінің алғашқы аулалық ауызекі тілде сөйлеу клубын ашты.
Клуб облыс орталығындағы «Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында өз жұмысын бастады.
Бұл бастаманы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары мемлекеттік тілді үйренуге арналған сөйлесу алаңдарын дамыту мақсатында қолға алды. «Үйде сөйле» жобасы көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін қазақ тілін оқыту мен тәжірибенің қолжетімді түрлерін жасауға мүмкіндік береді.
Клубтың ашылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.
Оның айтуынша, жоба тату көршілестік мәдениетін дамытуға да ықпал етеді. Өйткені оқытушылар, еріктілер және белсенділермен қатар көршілердің өздері де білгенімен бөліседі.
Аула клубтарын құру бастамасы тұрғындар мен көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін басқарушы компаниялардың қолдауына ие болып отыр.
Айта кетейік, «Үйде сөйле» клубтары Астана және Алматы қалаларында іске қосылған.
Алдағы уақытта мұндай алаңдар басқа өңірлерде де ашылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Үйде сөйле» жобасы – Атырауда
-
ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
-
«Үйде сөйле» жобасының ашылуы
-
Қалалық ҚХА Журналистер клубының қорытынды отырысы өтті
-
Республика күні аясында «Достық» шахмат клубы ардагерлер арасында турнир өткізді
-
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті
23 Қыркүйек, 14:38
ШЫМКЕНТТЕ ӨЗБЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮНДЕРІ АТАП ӨТІЛДІ
22 Қыркүйек, 17:26
Республикалық әдістемелік кеңесінің онлайн-отырысы
20 Қыркүйек, 22:04
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективаларын талқылады
19 Қыркүйек, 19:18
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
22 Қыркүйек, 20:04
ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Үйде сөйле» жобасы – Атырауда
-
ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
-
«Үйде сөйле» жобасының ашылуы
-
Қалалық ҚХА Журналистер клубының қорытынды отырысы өтті
-
Республика күні аясында «Достық» шахмат клубы ардагерлер арасында турнир өткізді
-
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті