Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қараша, 2021

79

Петропавлда ҚР Тәуелсіздігіне елеулі үлес қосқан жандарды еске алды

М.Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Атақты жерлестер» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға 70-тен астам адам қатысты.

Дөңгелек үстел модераторы Л.Гривенная іс-шара өңірдің дамуына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан солтүстікқазақстандықтарға арналғанын атап өтті.

Аталмыш кездесудің құрметті қонағы Р.Бикмухаметова өзінің «Земляки» кітабының құрылу тарихы туралы айтып берді. Оның кітабы 2018 жылы жарыққа шыққан болатын. Бұл күні оның кітабында шыққан солтүстікқазақстандықтар-кейіпкерлері туралы айтылды. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері В.Корнева, Э.Ковзель және Н.Римская-Корсакова өз ойларымен бөлісіп, сөз сөйледі.

Өңірдің зиялы қауым өкілдері солтүстікқазақстандықтардың мәдениет, әдебиет және бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді. Облыстың көрнекті педагогтары туралы Ж.Тәжин мен С.Сәбитов өз естеліктерімен бөлісті.

Кейін қарай