
26 Тамыз, 2021
52
Петропавлда меморандумға қол қойылды
Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйінде «Жаңғыру жолы» Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жастар қозғалысы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Ақпарат және қоғамдық даму орталығы» КММ және қалалық жастар ресурстық орталығы арасында Меморандумға қол қойылды.
СҚО бойынша ҚХА РЖҚ «Жаңғыру жолы» төрайымы Лилия Баймұратова құттықтау сөзінде жастар қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылған кездесудің өзектілігін атап өтті.
Ынтымақтастық туралы Меморандум Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы арасындағы қарым-қатынасты нығайтады.
Меморандумның мақсаты - өңірдегі түрлі этностар өкілдерінің этносаралық және ұлтаралық келісімін нығайту үшін Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүйелі іске асыру.
«Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ә.Х. Мыңбай аталмыш Меморандум барлық мүдделі ұйымдарға жұмыс жоспарларын үйлестіруге және жұмыс тиімділігін арттыруға, соның ішінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
«СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Ақпарат және қоғамдық даму орталығы» КММ басшысы Н.Р.Аккужина аймақтағы жастар ұйымдарының Меморандумға қол қою идеясын қолдады. «Еліміздің болашағы жастарға байланысты. Күш-жігерді біріктіру жоғары оң нәтиже беретініне сенімдімін», - деді өз сөзінде Н.Р.Аккужина.
Жастар ұйымдарының өзара ынтымақтастығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тұрғысынан ғана емес, этносаралық келісім саласындағы өзекті бағыт болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жолдауға қолдау білдірді
-
Петропавлда өткен кездесуде жастарға ҚХА қызметінің басым бағыттары туралы айтылды
-
Талдықорғанда достық дастарқанында түрлі этнос өкілдерінің тағамдары қойылды
-
Елордада «Ассамблея жастары» мен «Жас сарбаз» РҚБ арасында Меморандумға қол қойылды
-
Ақтауда сот алқасы мен ҚХА құрылымдары арасында меморандумға қол қойылды
-
Петропавлда ЭМБ бүлдіршіндері арасында ассамблея аруы анықталды
23 Маусым, 15:15
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
28 Маусым, 16:35
«Барбанг» жастар комитетінің кезекті жиналысы өтті
23 Маусым, 18:56
22 маусым күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Грек Республикасының Қазақстандағы елшісі – Эфталия Какиопулумен кездесу кеші өтті
27 Маусым, 16:39
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы
23 Маусым, 11:03
Маңғыстауда Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының "ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДЫСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ" атты бизнес-форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жолдауға қолдау білдірді
-
Петропавлда өткен кездесуде жастарға ҚХА қызметінің басым бағыттары туралы айтылды
-
Талдықорғанда достық дастарқанында түрлі этнос өкілдерінің тағамдары қойылды
-
Елордада «Ассамблея жастары» мен «Жас сарбаз» РҚБ арасында Меморандумға қол қойылды
-
Ақтауда сот алқасы мен ҚХА құрылымдары арасында меморандумға қол қойылды
-
Петропавлда ЭМБ бүлдіршіндері арасында ассамблея аруы анықталды