Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Ақпан, 2024

91

Павлодарда «ЖИВОЕ СЛОВО - КЛЮЧ НЕБЕС!» кітабының тұсаукесері өтті

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі және "Буковина" румын-молдавандар мәдени қоғамы" ҚБ бірлесе отырып, Людмила Ивановна Асееваның «ЖИВОЕ СЛОВО - КЛЮЧ НЕБЕС!» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Аурика Дяк, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ румын-молдавандар этномәдени бірлестігінің белсенділері мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кітаптың шығуы ақынның 85 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Людмила Асеева-Павлодар ақыны, еңбек ардагері, ҚР Ағарту ісінің үздігі, "Балалар мен жастардың мейірімділік мектебі" ҚБ басшысы. Людмила Ивановна Асеева 2017 жылдан бастап - "Буковина" румын-молдавандар мәдени қоғамының белсенділері қатарындағы Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыстар атқаруда.

Бес жыл бұрын ҚХА қолдауымен «Маршрут – Победа. Память поколений» жобасы аясында "Буковина" румын-молдавандар этномәдени бірлестігі "Живое Слово - Ключ Небес!” кітабын шағын тиражбен басып шығарған болатын.

Ал қазір олар 200 дана тиражбен қатты мұқабада басып шығарды. Кітаптың көшірмесі барлық қонақтар мен кеш ұйымдастырушыларына, ҚХА кітапханасы және "Қоғамдық келісім" РММ Достық үйіне, этномәдени бірлестіктер, қала кітапханалары мен колледждерге таратылды.

Кештің қатысушылары мен қонақтары павлодарлық ақын Людмила Асееваның шығармашылық әлеміне тоқталды. Іс-шараны ұйымдастырушылар кітаппен танысқан әрбір адам өзі үшін таптырмас құнды дүниелер табатынына және аталмыш кітап еліміз - Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімге үндеп, болашаққа зор сенім мен сүйіспеншілік сыйлайтынына сенімдерін білдірді.


Кейін қарай